• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенаттың жалпы отырысында Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін ұсынды.

Өз сөзінде Е.Жамаубаев жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,3% құрағанын атап өтті.

Республикалық бюджеттің кірістері бойынша Жоспар 102,1% - ке атқарылып, 16,1 трлн. теңгені құрады.

Меншікті кірістері бойынша жоспар 103% - ке асыра орындалды

Шығыстар 98,6% игеріліп, 18,5 трлн. теңгені құрады. Сонымен қатар, тек әлеуметтік шығыстар 2021 жылмен салыстырғанда 987 млрд. теңгеге ұлғайып, 8,5 трлн. теңгені құрады.

Жалпы, 2022 жылы бюджет шығыстары 56 стратегиялық бағыт бойынша жұмсалды.

Мәселен, 15,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 131 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

136 мың оқушы орны бар 247 жаңа мектеп пайдалануға берілді. 1 003 мектеп жаңғыртылды. Мектеп құрылысы есебінен 10,5 мыңға жуық жұмыс орны, оның ішінде 6,7 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

35 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынып, қолдануға берілді.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері 17 мыңнан астам техника сатып алды.

Барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау қамтамасыз етілді.

Сөз соңында, Ерұлан Жамаубаев Жоғары Аудиторлық палата мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы мен мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігіндегі бірқатар проблемалық мәселелерді атап өткенін мәлімдеді.
Жалпы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын игеруге мониторинг жасау жөніндегі жүргізілетін саясат жаңа Бюджет кодексінің жобасы шеңберінде шешіледі, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару белгіленген қаржылық шектеулерді қатаң сақтаумен жүзеге асырылатын болады.

  • 15.06.2023
  • 206
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика