• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Гранттар, фестивальдар мен азаматтық бастамалар: Маңғыстау жастары немен айналысады?

Жастардың әлеуметтік-саяси белсенділігі мемлекеттің дамуындағы маңызды бағыттардың бірі. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Абылай Фазылбек Маңғыстау жастарын қолдау əрі тың идеяларды қуаттау бағытында жүзеге асып жатқан іс-шаралар жөнінде айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық белсенді тобының басым үлесі жастарға тиесілі. Сондықтан, өңірде ой-өресі биік, табысты өскелең ұрпақ өсіп-қалыптасуына жан-жақты жағдай жасақталған. Соның бірі, жас буын өкілдерінің жасампаз идеяларын тəжірибе жүзінде іске асыруына жетелейтін арнайы гранттардың бөлінуі. Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Абылай Фазылбектің айтуынша, былтыр жастардың жобаларын жүзеге асыруға 75 млн теңгеге 6 грант іске асырылған.

-Бөлінген гранттар 6 бағыт бойынша жүзеге асырылды. Атап айтсақ, «Жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту», «Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру», «Маңғыстау жастары» жастар интернет порталының қызметін ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу»,«Жұмысшы жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру» мен «ТМД елдеріне тағылымдамадан өту» және «Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын гранттар», - деді Абылай Фазылбек.

Сондай-ақ, спикердің мәліметінше мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін азаматтық қоғам институттарын тарту жұмыстары жолға қойылып, қоғамдық ұйымдарға арналған гранттық қаржыландыру көлемі артып келеді. Былтыр Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы әлеуметтік жобаларды қолдауға 75 млн теңге бөлген. Ал, биыл 106 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді деп көзделген. Аталған гранттық қаржыландыру есебінен 2023 жылы өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жастарға арналған 11 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған.

-Аталған қаражатқа өңірдегі жас көшбасшылардың пулын қалыптастыру мақсатында «Жас көшбасшылар мектебі» жобасы, сонымен қатар, талантты жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған «Жиналайық» жобасы, шығармашыл жастарды қолдау бағытында облыстық «Жайдарман» ойындарын ұйымдастыру, жасөспірімдер мен жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру, жастар арасындағы қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру кешенді іс-шаралар ұйымдастыру бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады, - деді Абылай Фазылбек.
Бөлінген қаржы есебінен облыста алғаш рет волонтерлік топтарға арналған шағын гранттар, дарынды және талантты жастарға арналған жол жүру гранттары бөлініп, аймақ жастар арасындағы негізгі проблемалар мен тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік беретін «Маңғыстау жастарының портреті» талдамалық баяндамасы әзірленеді.

  • 15.06.2023
  • 196
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика