• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда дарынды оқушылар форумы өтті

16 маусымда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өңірдің дарынды оқушыларының форумы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Форумға ғылыми-шығармашылық республикалық конкурстардың жүлдегерлері мен республикалық, президенттік, халықаралық олимпиядалардың жеңімпаздары, робототехника бойынша халықаралық біріншіліктің жүлдегерлері, дарынды оқушылардың ұстаздары мен ата-аналары, жергілікті білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. 

Кездесуге облыс мектептерінің 160-тан астам оқушысы келді. Биыл олар халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 80-нен астам медаль жеңіп алған болса оның 35-і республикалық пәндік олимпиададан жүлдегер атанған. Сондай-ақ, республикалық байқауда Маңғыстау облысының командасы «Үздік олимпиадалық команда - 2023» номинациясының жеңімпазы деп танылған. 

Шараға қатысқан Нұрлан Ноғаев елдің ертеңі білімді жастар екенін атап, жиналған дарынды балалар мен олардың ата-аналарына және жетекшілеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытқа сәттілік тіледі. 

-Біз өмір сүріп жатқан уақыт өзгерістерге және қобалжуларға толы. Бұл өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын жас, бәсекеге қабілетті, жігерлі, талантты, белсенді адамдардың уақыты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын. 
Осы орайда, өңірімізде оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, қоғамда тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды ұтымды пайдалану, шығармашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар оң нәтижелерін көрсетіп келеді. Бүгінгі білімді, дарынды оқушылар осының дәлелі. Жаңа ғасырда кемел білім мен кемеңгер ақыл-ой жолдасыңыз болсын!
Мектеп бітіріп жатқан жас түлектер қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін! - деп өз құттықтау сөзін білдірді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. 

Оқушылар өңір басшысына өздерінің жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы айтып, талантты жастарды қолдағаны және даму мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.
Барлық балалар облыс әкімінен естелік сыйлықтар, алғыс хаттар және қаржылай сертификаттар алды.

  • 16.06.2023
  • 185
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика