• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда медицина қызметкерлерінің күнін атап өтті

16 маусымда Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, дәрігерлер, медицина ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Қазіргі таңда облыс бойынша халыққа медициналық қызметті 2009 дәрігер, 5636 медбике көрсетеді. Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдардың басшылары Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы медициналық университеттерге барып, түлектерді өңірге шақыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша, кадр тапшылығын 17-20% - ға азайту жоспарланған. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлердің мәртебесін арттыру мақсатында олардың жалақысы орта есеппен 30% - ға және орта медициналық персоналдың жалақысы 20% - ға ұлғайтылған. Маңғыстау облысында 6,2 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы көтерілген.

Нұрлан Ноғаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
- Сіздерді кәсіби мерекеңіз – медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дәрігер-жер бетіндегі ең асыл мамандық! Осы айтулы күні денсаулық сақтау саласына жауапты мамандарға, барлық дәрігерлер мен медбикелерге, сондай-ақ техникалық персоналдарға алғысым мен ризашылығымды білдіргім келеді. Өз өмірін қатерге тігу арқылы халықтың денсаулығын сақтайтын ақ халаттылар құрметке лайық. Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін біз материалдық-техникалық жабдықтармен, препараттармен, қажетті құралдармен қамтамасыз етеміз және бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Себебі басты басымдық-азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі. Өңірде жылдан жылға әлеуметтік маңызы бар аурулардың көрсеткіштерін төмендету бойынша тұрақты оң динамика қалыптасуда. Бұл ретте денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып отырады. Облыстық бюджет есебінен осы бағытта 352 бірлік медициналық техника сатып алынса, оның 12-сі күрделі медициналық техника. Қазіргі уақытта оларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрметті медицина қызметкерлері, осы айтулы күні баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасылық бақыт пен амандық тілеймін! - деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Медицина қызметкерлері күні аясында медицина қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан «Құрмет» грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кету керек, өткен жылы өңірде халықтың табиғи өсімі артқан. Туу көрсеткіші республикада ең жоғары болып қала береді, облыста 2023 жылдың 5 айында 8 мыңнан астам бала дүниеге келген. «Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары» аясында Мұнайлы ауданында 150 орындық жаңа орталық аудандық аурухана құрылысы жүргізілуде. Кадр тапшылығы медицина саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы 107 дәрігер жұмысқа орналастырылған. Ауылдық жерлерге 21 жас маман жіберілген. Олар тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, көтерме ақы төленген. Сонымен қатар, облыстық аурухана дәрігерлерінің жұмысына соңғы технологиядағы жадықтарды енгізу жалғасуда. Енді олар аса күрделі және ауыр операцияларды еш қиындықсыз жүргізуге толық мүмкіндік алған. Шетелде дәрігерлердің біліктілігін жыл сайын арттыру, көшпелі шеберлік сыныптарын өткізу және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу үшін жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінген. Облыстағы медициналық қызмет көрсететін орталықтар 93%-ға дейін материалдық техникалық базамен қамтамасыз етілген.

Салтанатты шараның соңы жергілікті әртістердің мерекелік концертімен аяқталды.

  • 19.06.2023
  • 196
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика