• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Былтыр маңғыстаулық 4 кәсіпкер мемлекеттен грант алды

2022 жылы маңғыстаулық 4 кәсіпкер мемлекеттен 5 млн теңге грант алды. Олар аталған қаржыға кәсібін дамытуда, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 

Мемлекеттік грантты берудегі басты мақсат - жұмыссыздықты жою. Грантқа ие болған кәсіпкерлер өзін ғана емес, қарамағындағы азаматтарды да жұмыспен қамтитын болады. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы жоспарлау, мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Бағдат Қуандықтың айтуынша, аталған грантты  жеке кəсіпкер ретінде тіркелгеніне 3 жыл мерзімнен аспаған кез-келген кәсіпкер ала алады. 

-Грантқа ие болған кәсіпкерлерге бизнесін бастауға 6 ай уақыт беріледі. Сондай-ақ, кәсіп ашылған күннен бастап 18 ай бойы жұмыс тұрақты түрде жүріп жатқандығын қадағалау мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Грант бөлінер кезде комиссия мүшелері ерекше, жаңашыл, тың идеясы бар кәсіпкерге баса назар аударады, - деді Бағдат Қуандық. 

Спикердің мәліметінше, грантқа ие болған әрбір кәсіпкер бүгінде кәсібінің нәсібін көріп, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Грантқа ие болғандардың қатарында 28 жастағы ақтаулық Абай Сапар да бар. Ол қозықұйрық саңырауқұлақтарын өсірумен айналысады. Кәсіпкердің айтуынша, қозықұйрық арнайы температурасы мен ылғалдылық деңгейі тұрақты жылыжайда саңырауқұлақтың тұқымы себілген субстраттарда өсіріледі. Тұқымды дамытып, толық өнімді жинап алуға 60-70 күн шамасында уақыт кетеді.

-Тұтынушылардың негізгі көзі Ақтау қаласының тұрғындары, дүкендер мен мейрамханалар және тамақтану орындары. Бүгінде кәсібім бір жолға қойылып, жұмыс барысындағы кемшіліктерді жөндеуге ат салысып жатырмын. Болашақта саңырауқұлақтардың өзге де түрлерін өсіріп, тұтынушыға жеткізу жоспарда бар. Бұл кәсіп мен үшін қосымша табыс көзі. Жобаны үлкейту мақсатым бар. Онымен қоса, екі адамды жұмыспен қамтып отырмын, - деді Абай Сапар.

Мемлекеттен грант алған тағы бір кәсіпкер - Раушангүл Қуандықова. Қой-түйе жүнін өңдеп, түтіп, әртүрлі кәде сыйлар жасау арқылы кәсібін дамытып отырған ол, айына 500-ден аса кәдесый сататынын айтады.

-Маңғыстауда қой-түйе жүні желге ұшып, түк кəдеге жарамай, өртеніп, кей кезде көміліп жатқандығын көзбен көріп жүрміз. Сол себепті, ең алғаш болып жүнді өңдеу идеясы ойыма түсті. Әрі қарай, «Атамекен» ұлттық палатасына хабарласып, құжаттарымды дайындап, жобамды қорғап шықтым. Берілген қаражатты алып, жұмысымды бірден бастап кеттім. Қазіргі таңда Қарақия ауданындағы Құрық ауылында  кәсібімді әлеуметтік желі арқылы дамытып отырмын, - деді Раушангүл Қуандықова.

Сондай-ақ, грант иегерлерінің қатарында ешкі сүтін өндіру кәсібімен айналысатын ақтаулық Жұлдыздай Тоқсанқызы да бар. Бүгінде оның Мұнайлы ауданында орналасқан жеке цехы жұмыс жасап тұр. Қарауында сауыншы, технолог және даяр өнімді тасымалдаушы-жеткізуші бар. Жұлдызайдың айтуынша, ешкілерден күніне 15 литрге дейін сүт алады.

-Ебін тауып табысымды еселеуіме себепкер ешкілер күнделікті таңғы уақытта Жыңғылды ауылында сауылады. Ешкілерді жемдеу үшін жоңышқа егеміз. Бақшамызда өсетін алма, сәбіздермен азықтандырамыз. Сүт өнімдері Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында сатылады. Осындай кәсіппен айналысуға мүмкіндік берген мемлекетке алғысым шексіз. Грант байқауы өте әділ өтті. Мемлекет кәсіпкерлерге жоғары деңгейде қолдау көрсетіп келеді,- деді Жұлдызай Тоқсанқызы.

  • 20.06.2023
  • 181
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика