• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында тірек мектептер саны артуда

Ақтөбе облысындағы Қарғалы ауданының №2 Бадамша орта мектебі «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» республикалық жобасына екінші мектеп ретінде енді.

Оның таныстырылымына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов, «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Күләш Шәмшидинова, AITAS Foundation қорының басшысы Ксения Верба, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары қатысты.
 

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы да маңызды. Тірек мектептер облысымыздың барлық аудандарында пайда болады. Бұл ауыл оқушыларына өздері тұратын жерде сапалы білім алуға, сондай-ақ білім беру ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді. Біз аудандар мен ауылдардағы балаларымыздың қаладағыдай білім алуы үшін барлық жағдай жасауды жалғастырамыз. Болашақта «қала», «ауыл» деп бөлінбейді, өйткені қазір ауылдық жерлер қарқынды дамып келеді», - деп атап өтті облыс әкімі таныстырылым барысында.

Жобаны «Қазақстан халқына» қоры, Aitas Foundation корпоративтік қоры, Білім беруді тұрақты дамыту қоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және Ақтөбе облысының әкімдігі іске асыруда. Ол оқыту сапасын арттыру, үздік педагогикалық тәжірибелер мен әдістемелерді енгізу, сондай-ақ мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Шара барысында жаңартылған кабинеттер таныстырылды.
 

💬

«Бұл Қазақстанда көрші мектептер үшін ресурстық орталық ретінде қызмет ететін және ауданда білім беруді дамыту нүктесіне айналатын ауылдық тірек мектептер желісін құру жолындағы кезекті қадам», - деп сендірді Білім беруді тұрақты дамыту қорының басшысы Данияр Тоқтарбаев.

№2 Бадамша орта мектебі 720 орындық, қазір 562 оқушы оқиды.

Жобаның арқасында мектепте 33 кабинет, оның ішінде 25 оқу класы бар, STEAM-зертхана, ART-студия, телестудия, музыка кабинеті, Intellectum холл, кітапхана, акт және спорт залдары жабдықталған. Аталған жоба аясында облыс бойынша жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге жуық 12 тірек мектеп құрылады.

Сондай-ақ, 3 жыл ішінде NIS-тің үздік оқытушылары тірек мектептердің мұғалімдерін оқытады және оларға әдістемелік көмек көрсетеді.
 
Айта кетейік, Ақтөбе облысы - барлық аудандарында тірек мектептері жыл соңына дейін пайдалануға берілетін еліміздегі әзірге жалғыз өңір.

  • 21.06.2023
  • 222
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика