• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ф.-В. Штайнмайер мен Ә. Смайылов Маңғыстаудағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында бұрғылау жұмыстарын іске қосты

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсімі өтті.

Жобаны танымал Svevind неміс компаниясы Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельдің өткен жылдың қазан айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Инвестициялар туралы келісім аясында жүзеге асыруда. Жоба бойынша Маңғыстауда жалпы қуаты 40 ГВт болатын күн және жел станцияларын салу жоспарланып отыр. Бұл жылына 2 млн тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 11 млн тонна «жасыл» аммиак өндіруге мүмкіндік береді.

Геологиялық бұрғылау жұмыстарының басталуы жобаны дамытудың жаңа кезеңге көтерілгенін білдіреді – бұл жер асты жыныстарын тереңірек талдау және одан кейінгі кезеңдерді пысықтау үшін маңызды мәліметтер алуға жағдай жасайды. Жалпы жобаның арқасында Қазақстан сутегі немесе аммиактың ірі көлемін Еуропа және Азия нарықтарына жеткізу бойынша мүмкіндіктерін арттырады, сондай-ақ ел экономикасының экологиялық таза әдістерге көшуін жеделдетеді.

Svevind компаниясының басшысы Вольфганг Кропптың айтуынша, әлемде «жасыл» сутегін өндіру бойынша мұндай ауқымда бірде-бір жоба әлі жүзеге асырылмаған.

Сонымен қатар кәсіпорынға түрлі жұмыстар жүргізуге берілген аумақты аралау кезінде мәртебелі қонақтардың қатысуымен Genesis консалтинг компаниясы – франциялық Technip Energies инженерлік-техникалық және технологиялық компаниясының еншілес фирмасымен алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстарын (pre FEED) жүргізуге келісім-шартқа қол қойылды. Бұл зерттеулер маңызды технологиялық шешімдер қабылдауға және зауыт құрылысын егжей-тегжейлі жоспарлауға көмектеседі.

  • 22.06.2023
  • 213
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика