• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші өтті

21 маусым М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор, академик Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстанның Германия Федаративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен басқарма басшылары, қала тұрғындары мен қонақтары, композитордың шығармашылығын сүйер қауым қатысты.

Сахнада Секен Тұрысбектің жетекшілігімен «Ақжауын» Мемлекеттік камералық оркестрі, Бибігүл Қилымхан, республикалық конкурстардың лауреаттары Маржан Ержанқызы мен Гүлнұр Саргизова өнер көрсетті.

Шарада композитордың «Көңіл толқыны», «Көк бөрі», «Ерке құсым» сияқты шығармаларымен қатар, Төлеген Момбековтың «Салтанат», Құрманғазының «Серпер», «Адай» туындылары орындалды.

-Бүгін өңіріміз үшін ерекше күн. Облысымызда Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайердың қатысуымен Маңғыстаудағы «жасыл» сутегі өндіретін зауыттың құрылысы аясында бұрғылау жұмыстарын іске қосты. Сонымен қатар, ол Құрық порты мен көлік логистика саласындағы жобалармен танысты. Секен Тұрысбектің де өңірімізге келуі осындай айтулы күнге тұспа-тұс келді. Секен Тұрысбек - қазақтың қара домбырасын, күй өнерін бүкіл әлемге танытып жүрген, қазақтың Нұрғиса Тілендиевтен кейінгі маэстросы. Сіздер күй арқылы адамдардың бойына өнерге деген махаббатты сіңіресіздер. Домбыра ғасырлар бойына жалғасып келе жатқан ұлттық өнеріміздің бір бөлігі іспеттес. Бұл аспапта екі ішек болса да, шырқағанда халқымыз бен салт-дәстүріміздің мың түрлі бояуын көркем жеткізеді. Еңбектеріңізге береке берсін. Бүгінгі кеш құтты болсын, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Секен Тұрысбек - 15 жуық күй мен 30-ға тарта әннің авторы. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Кеш соңында шараға жиналған қалың көрермен домбырашыға ыстық ықыласын білдірді.

  • 22.06.2023
  • 214
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика