- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 жылдың маусым айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу
Маусымның екінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын біркелкі жаумаған, жауын-шашынның ең көп мөлшері Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында болса, елдің қалған бөлігінде нормадан аз жауған. Мұндай метеорологиялық жағдайлар жауын-шашынның біркелкі жаумауына байланысты жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуына қанағаттанарлық боған.
Елдің батысында (Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында) жаздық бидай егістіктерінде «түптену» – «масақтану» фазалары байқалған, өсімдіктердің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, бидайдың биіктігі 20-43 см.
Солтүстікте (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында) Ақмола облысының жаздық бидай егістіктері «3-ші жапырақ» -«түптену», жеке егістіктері «түтікке шығу» фазаларында. Өсімдіктердің биіктігі 10-23 см. Бурабай, Егіндікөл ауданданының жаздық бидай бақылау учаскелерінде (Егіндікөл, Катаркөл метеостанциялары) нан бүргесімен зақымдануы 10% дейін болған, егістік алқабы 20-25% құрайды. Астрахань ауданында (Жалтыр метеостанциясы) бидайдың төменгі сабағының сарғаюы байқалған, зақымдану деңгейі 11-20% құрайды. Қостанай облысында даму фазасы «3-ші жапырақ» - «төменгі сабақ түйіннің пайда болуы». Павлодар облысында «3-ші жапырақ» - «түптену», ерте себілген егістіктерде «түтікке шығу» фазалары байқалған. Өсімдіктердің биіктігі 11-20 см.
Жаздық арпада «түптену» - «түтікке шығу» фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Павлодар ауданының жаздық арпа бақыланатын учаскелерде Красноармейка метеостанциясында жаздық арпаның тұқымдарының толығымен өспеуі байқалған.
Орталықта (Қарағанды және Ұлытау облыстарында) Қарағанды облысының жаздық бидай егістіктерінде «3-ші жапырақ» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы», Ұлытау облысында «түтікке шығу» - «масақтану» фазалары байқалған.
Киевка метеостанциясының маңайындағы бақылау учаскелерінде жаздық бидайдың мерзімінен бұрын құрғауы 11-20% дейін болған, зақымданған егістік алқабы 99% құраған. Көктемгі арпаның жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, даму кезеңі «түтікке шығу» - «масақтану».
Шығыста (Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында) жаздық бидай егістіктері «3-ші жапырақ» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» фазаларында. Бидайдың биіктігі 13-33 см, жағдайы өте жақсы және жақсы.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста (Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында) жаздық және күздік бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы, «түптену» - «дәннің сүттенуі», Жамбыл облысында «толық пісу» даму кезеңдерінде.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бақылау егістіктерінде күріштің жағдайы жақсы. «3-ші жапырақ» - «түптену» даму кезеңдері байқалған, егістің жағдайы жақсы. Алматы облысында жүгері «9-шы және 21-ші жапырақтың пайда болуы» кезеңінде. Өсімдіктердің жағдайы жақсы.
Солтүстікте, батыста және шығыста (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Батыс Қазақстан) күнбағыстың даму кезеңі «2-ші жапырақ жұбы» - «гүл шоғырларының пайда болуы», өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Өткен онкүндіктің соңында жайылымдық мал шаруашылығы аймағында жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Жайылымдық мал шаруашылығының басым бөлігінде шөптің көбінесе құрғақ және дымқыл жағдайы байқалған. Онкүндіктің соңғы күнінде жайылымдағы шөптердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық болған.
Маусымның екінші онкүндігінде көптеген облыстарда өсімдіктердің метрлік қабатының ылғалмен қамтамасыздығы оңтайлы болған, бұл дақылдардың өсуіне қолайлы болған.
- 23.06.2023
- 174