• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
ҚР ҰЭМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жиын барысында Қоғамдық кеңес қызметінің мәселелері қаралып, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ және "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ-ның 2022 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, талқылаудың негізгі тақырыбы "Тарифті инвестицияға айырбастау" жаңа тарифтік саясатының тәсілдері болды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев атап өткендей, "Тарифті инвестицияға айырбастау" қағидаты бойынша тарифтік саясатты реформалау шеңберінде салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл апаттар, ажыратулар санын азайтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 145 мың шақырымнан астам инженерлік желіге жөндеу жүргізу қажет», - деді ол.

Министрлік мына бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде:

Инвестиция тарту

Инженерлік желілерді жөндеу

Коммуналдық желілердің тозуын азайту

Табиғи монополиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру және т. б.

Тарифтер өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып түзетілетін болады. Атап айтқанда, ҚР ҰЭМ басшысы тариф белгілеу барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ашық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Барлық өңірлерде мәслихат депутаттары, жұртшылық өкілдері, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер кіретін өңірлік комиссиялар жұмыс істейді. Тарифтердің әрбір өзгеруі осында талқыланады», - деді Ә.Қуантыров.

Барлық рәсімдер e-monopolist ақпараттық жүйесі арқылы ашық түрде орындалады.

«Біз барлық мәселелерді қадағалаймыз және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстаймыз. Сондықтан, қаражат дивидендтер төлеуге, табиғи монополиялар субъектілерінің басқа да шығындарына кетпеу керек. Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Ол адамның қатысуынсыз тексеру кестесін қалыптастырады», - деді министр.

Отырыс барысында ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің мүшелері де өз ұсыныстарын айтты:

кепілді жеткізушіге, реттелмейтін ЭЖҰ-ға (энергия жеткізуші ұйымдар) және көтерме тұтынушыларға байланысты электр энергиясын бірыңғай сатып алушы үшін сараланған тарифтерді енгізу мәселесін қарастыру;

жаңа реттеуші саясат шеңберінде табиғи монополия саласын мемлекеттік органдардың әкімшілік кедергілерін қысқарту орбитасынан шығару;

тұтынушылардың ұлттық операторлар желілеріне қосылуына қатысты монополиялық компаниялардың іс-әрекеттеріне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселесін қарастыру;

активтер құнының өсуіне байланысты табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) және қоғамдық маңызы бар нарықтың тариф қалыптастырудың жаңа тәсілдерін қолдау. ТМС және ҚМН-ды инфрақұрылымды жаңартуға ынталандыру, сондай-ақ көрсетілетін қызмет сенімділігінің сапа стандарттарын қамтамасыз еткен жағдайда пайда табу.

  • 26.06.2023
  • 238
Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика