• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде Полиция күніне орай заманауи учаскелік пункт ашылып, полицейлерге 27 көлік табысталды

Сервистік үлгідегі полицияның жаңа учаскелік пунктінің ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов, полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов, құқық қорғау органдарының ардагерлері, Есет батыр ат. шағын ауданының тұрғындары қатысты.
 
Полиция күніне орайластырылған жиын барысында өңір басшысы Ералы Тоғжанов полицейлерге Hyundai маркалы 27 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті. Жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген полицейлер облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
 

💬

 

«Қазақстандық полиция өзінің құрылған күнінен бастап қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асыруда. Біздің облыста полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдай жасалуда. Соңғы үш жылда Ақтөбе облысы Полиция департаментіне 37,6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, өткен жылы 12 автокөлік алынған болса, биылғы жарты жылдың ішінде 27 автокөлік табысталды. Жалпы полиция департаментінің материалдық техникалық базаның жарақтандырылуы өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға өсіп отыр. Жылдан жылға полиция қызметкерлерінің жұмысының тиімділігі артып келеді, бұл қылмыс деңгейінің төмендеуінен көрінеді. Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлер! Біз сіздердің кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті де екендігін жақсы білеміз. Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін», - деді Ералы Тоғжанов.
 
Өз кезегінде полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов жеке құрам атынан өңір басшысына полицияға материалдық-техникалық қамтамасыз етуде тұрақты қолдауы, оның ішінде жаңа сервистік полиция пунктін ашудағы көмегі үшін алғысын білдірді.
 
466 шаршы метрлік полиция пункті көп қабатты үйдің бірінші қабатында қарқынды дамып келе жатқан Ақтөбе қаласының Есет батыр атындағы шағын ауданында орналасқан. Мұнда азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалған, соның ішінде еріктілер кабинеті, ана мен бала бөлмесі жабдықталған. Учаскелік инспекторлармен қатар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың, көші-қон қызметі, әкімшілік тәжірибе, пробация қызметкерлерінің жұмыс орындары да қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз қозғалу үшін жағдайлар жасалған.
 
Пункт бейнебақылау камераларымен жабдықталған, учаскелік полицейлер жұмыс орындарынан қызмет көрсететін аумақтардың бейнекамераларына қосыла алады, бұл аудандағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
 
Жаңа полиция пункті Есет батыр ат. тұрғын алабының барлық төрт шағын ауданына, Қызылжар-1, -2, -3 тұрғын алаптары, Рауан, Шығыс және Геофизик бау-бақша ұжымына қызмет көрсететін болады

  • 26.06.2023
  • 222
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика