• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрі Орнықты даму мақсаттарын іске асыру барысы туралы айтты

Сенатта Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның бірінші отырысы өтті.

ҰЭМ басшысының айтуынша, 2015 жылдың 25 қыркүйегінде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде әлем көшбасшылары 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады. Ол кедейлікті жоюға, теңсіздікпен күресуге, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 17 Орнықты даму мақсатын қамтиды.

«Қазақстанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру бойынша институционалдық негіз құрылған. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруші орган ҚР ҰЭМ болып табылады. Хатшылықтың рөлін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жүзеге асырады», - деп нақтылады Ә.Қуантыров.

Ведомствоаралық жұмыс топтары:

«Адамдар» (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – кедейлікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмір, білім беру;

«Планета» (Экология және табиғи ресурстар министрлігі) – құрлық пен су ресурстарының экожүйелерін ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруімен күрес;

«Өркендеу» (Ұлттық экономика министрлігі) – инклюзивті өсу және экономикалық өзгерістер, таза энергия, лайықты жұмыс, тұрақты елді мекендер;

«Бейбітшілік» (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) – қауіпсіз және бейбіт қоғам, мықты институттар, сот төрелігі;

«Серіктестік» (Сыртқы істер министрлігі) – ОДМ-ға қол жеткізу бойынша мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимыл.

Қазақстандағы ОДМ мониторинг жүйесі:

262 индикатор, оның ішінде:

87 – Қазақстан үшін өзекті деп танылды

116 – мониторинг үшін

59 – кейінге қалдырылды

«Тұрақтылық пен инклюзивтілік принциптері ҚР-дың 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының негізін қалады. Стратегиялық мақсаттарды оқшаулау елдің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әл-ауқатының үштұғырлығын біріктіретін ұлттық жобалар арқылы жүзеге асырылады», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Сондай-ақ, министр Орнықты дамудың жаһандық рейтингісіне сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 2019 жылмен салыстырғанда 77-ші орыннан 65-ші орынға көтеріліп, позицияны 12 тармаққа жақсартқанын еске салды.

«Мемлекет, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы әріптестік қатынастарды жолға қою Орнықты даму саласындағы мақсаттарды іске асырудың міндетті шарты болып табылады. ОДМ-ға қол жеткізу барлық мүдделі тараптар арасындағы берік серіктестік жағдайында ғана мүмкін», - деп қорытындылады министр.

  • 01.07.2023
  • 161
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика