• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ИИДМ басшысы Маңғыстау облысындағы бірқатар нысанды аралады

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бірқатар нысанға барып, қызметімен танысты.

Мәселен, министр «Каспий» тұщыландыру зауытының құрылыс барысымен танысты. Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының тұрғындарын сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін бюджеттік кредиттеу шеңберінде осы жобаны іске асыруға 12,3 млрд теңге бөлінді. Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға орындалған.

Келесі кезекте ведомство басшысы кемелерді, қайықтар мен теңізге арналған техникаларды жөндеп, қызмет көрсететін, сондай-ақ кеме құрылысы мен теңіз құрылымдарының өндірісімен айналысатын «Кеме жабдықтары және сервис» компаниясына барды. Аталған компания «Балықшы» ЖШС-не тиесілі «Аташ» теңіз мұнай операцияларын қолдау базасында кеме жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл ұйым құрылғалы бері техникалық қызмет көрсету бойынша 140-тан астам жоба сәтті жүзеге асты.

Бұған қоса ҚР ИИДМ басшысы «Каскор-МашЗавод» машина жасау кәсіпорнының әлеуетін бағамдады. Компания мұнай-газ өндіруге арналған жабдықтарды шығаруға маманданған. Кәсіпорын жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған және мұнай-газ секторы үшін бірнеше күрделі металл конструкциясын өндіруді қоса алғанда, өнімдердің кең спектрін ұсынып келеді. Зауыттыі басшысы Болат Арқаровтың айтуынша, шығарылатын өнім облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде көптеген беделді конкурс пен көрмелерде жоғары бағаға ие болған.

«Қазір біздің компания мұнай-газ саласында жұмыс істейтін Қазақстанның ірі жетекші компанияларымен тұрақты әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Білікті қызметкерлерден жасақталған командамыз жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен кез келген күрделі өндіріс жобаларын жүзеге асыра алады. Жоспар бойынша өндіріс қуаттарын одан әрі нығайтуды, кіріс пен нарық үлесін ұлғайтуды, халықаралық нарыққа шығуды, сонымен бірге өндіріске озық технологиялар мен Кайдзен іскерлік философиясын енгізуді көздеп отырмыз», деді Б.Арқаров.

Бұдан бөлек Марат Кәрімжанұлы «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнына да аялдады. Былтыр осы компания 310 мың тонна көлемінде аммиак селитрасын шығарып, экспорт көлемі 17,8 мың тоннаға жеткен болатын. Кәсіпорында 1250-ден астам қызметкер жұмыс істеп келеді. Басшылықтың айтуынша, компания еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Айталық, кәсіпорынның әр қызметкерінде тәуекелді бағалайтын айлық картасы бар. Бұл кәсіпорындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі құралдардардың бірі.

Сонымен қатар М.Қарабаев Ақтаудағы кәріз-тазарту жүйелерінің жұмысын тексеріп шықты. Қазір қалада 2 КТЖ жұмыс істеп тұр. Халық өсімі мен №1 КТЖ-нің жойылуына байланысты 2021 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, тәуліктік қуаттылығы 40 мың текше метр болатын №2 кәріз-тазарту құрылымын салу бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаның жалпы құны – 7,5 млрд теңге.

  • 01.07.2023
  • 203
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика