• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмол ауылында «Зияткерлік сынып - конструктор» республикалық пилоттық жобасы іске қосылды

Ақмола облысының Целиноград ауданы Ақмол ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов пен Ассамблея мүшесі Сергей Цырульниковтың қатысуымен үстел үстіндегі зияткерлік ойындарға арналған «Зияткерлік сынып - конструктор» республикалық пилоттық жобасы іске қосылды.

Аталған жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының көмегімен жабдықталған Ақмол ауылының Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде үстел үсті зияткерлік ойындар сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындары арасында үстел үсті зияткерлік ойындарын дамыту, балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру. Келушілер сыныптарда шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ойнай алады. Болашақта мұндай сыныптар еліміздің барлық өңірлерінде ашылмақ.

Іс-шара барысында ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар денсаулығы, білімі мен тәрбиесіне баса назар аударатынын тілге тиек етті.

«Себебі Қазақстанның болашағы - солар, елдің өскелең ұрпағы. Сондықтан біз оларға бақытты балалық шақ, дұрыс тәрбие, сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, олардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Әсіресе қолдау шаралары ауылдық жерлердегі балаларға көрсетілуі тиіс. Міне, бүгін біздің Сергей Цырульников шағын Ақмол ауылында үлкен чемпиондардың басын қосып, үлгі көрсетті! Мүмкін дәл осы жерде, сіздердің араларыңызда еліміздің болашақ чемпиондары өсіп келеді!», - деп сөзін қорытындылады.

Өз кезегінде іс-шараның бастамашысы Ассамблея мүшесі, Гиннестің рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы, халық арасында "қазақ палуаны Серғазы" атымен танымал болған Сергей Цырульников спорттық жобалар аясындағы тың идеяларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

"ҚХА жұмысы, этносаралық қатынастар саласы сияқты, барлық уақытта өзекті және ерекше тәсілдерді талап етеді. Өйткені, елдегі бірлік, бейбітшілік пен келісім халқымыздың басты құндылықтарының бірі. ҚХА қызметінде жаңа бағыттар пайда болып, өзекті және сұранысқа ие жобалар іске асырылып жатқаны қуантады. Мұның бәрі халқымыз үшін!", - деді ол.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктердің өкілдері, ҚХА және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, еліміздің атақты спортшылары Илья Ильин, Айдар Махметов, Абзал Әжғалиев және т.б. қатысты.

  • 02.07.2023
  • 173
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика