- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Юрий Ильин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды.
Юрий Ильин мен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультеті курсанттарының оқу бітіру салтанатты рәсіміне қатысты.
137 жас офицер Қазақстан ТЖМ қатарына қосылды.
Іс-шара түлектердің туыстарының, азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде жас лейтенанттарды оқуды сәтті аяқтауымен, алғашқы офицерлік атақты алуымен құттықтап, рухын көтеріп, батырлық танытуды және Отан қорғаушы атағына лайық болуды тіледі.
Өз кезегінде Ермек Маржықпаев ұзақ жылдар бойы өңірдің еліміз және шетелдік жоғары оқу орындары үшін де азаматтық қорғау кадрларын даярлайтынын атап өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер қоштасу офицерлік вальсін орындады және соңғы рет жас лейтенанттар жалпы курсанттық құрамда салтанатты шеру жасады.
Барлық түлектер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне бөлінді.
Жоғары оқу орны 25 жыл ішінде 5000-нан астам маман дайындады, азаматтық қорғау органдарының көптеген қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтті.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Юрий Ильин Академия мен Ақмола облысы ТЖД қажеттіліктері үшін инфрақұрылымдық объектілер құрылысының жобаларымен танысты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
- 02.07.2023
- 132