• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел кеңес өтті

Ақмола облысының әкімдігінде өрт қауіпті кезеңнен өту бойынша кеңес өтті.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, аудан әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшылары Абай облысында қаза тапқан орманшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиынды аша отырып, өңір басшысы өрттердің шығу тегіне қарамастан, олардың барлығы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін, табиғат пен жануарлар әлеміне елеулі, жиі орны толмас зиян келтіретінін, тұтастай алғанда экономика мен әлеуметтік салаға теріс әсер ететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы мен Үкімет орын алған өрттердің қорытындысы бойынша ормандағы өрттерді ерте анықтау, оларды жедел сөндіру үшін жүйесін енгізуді, сумен жабдықтау және қамтамасыз етуді тапсырды. Аталған мәселелер өзекті болып табылады және аталған бағытта қойылған міндеттерді одан әрі орындауды талап етеді», - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, өңірде өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 31 орман және 1 дала өрті, сондай-ақ 18 шөп өрті тіркелген.

Статистикалық деректерге сәйкес, орман өрттерінің пайда болу себептері - найзағай разрядынан 9 жағдайда, адам кінәсінен - 3, бақыланатын күйдіру кезінде - 1, ауыл шаруашылығы өрттерінің себебінен -1, белгіленбеген себептер бойынша-17 болып табылады.

Облыста 230 бірлік техника, 3 өрт-сорғы станциясы, 231 рюкзакты өрт сөндіргіш, 82 мотопомпалар және 1130 хлопушкалар дайындалды. Өртке қарсы, жергілікті полиция қызметтері мен орман инспекциясы қызметкерлерінен 56 мобильді топ құрылды.

Кеңес барысында "Бурабай" МҰТП аумағында қолданылатын ерте сатыдағы өрт және түтін ошақтарын ерте анықтау әдісінің тиімділігі атап өтілді, осыған ұқсас қондырғы "Көкшетау" МҰТП-да пайдаланылатын болады.

Өз баяндамасында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров Ақмола орман қорының ауданы 1,1 млн. га, оның ішінде 384,2 мың га – орманмен жабылғанын айтты.

«Орман шаруашылығы мекемелері өрт қауіпті маусым басталғанға дейін 2023 жылғы 5 сәуірге дейін мемлекеттік қордың іргелес жерлерінде қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы құрылымдарымен және басқа да шағын және орта бизнес субъектілерімен орман және дала өрттері туындаған жағдайда күштер мен құралдарды тарту жөнінде шарттар жасасты. Жасалған шарттарға сәйкес қосымша резерв 558 адамды және 273 бірлік техниканы құрайды, 130 тонна ЖЖМ резерві құрылды», - деді облыстық ведомство басшысы.

Орман өрттерін болдырмау мақсатында ұзындығы 12510 км минералданған жолақтарды орнату және күту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жиынды қорытындылай келе, өңір басшысы жергілікті атқарушы органдардың ерікті өртке қарсы құралымдары мен өрт сөндіру бекеттерінің дайындығын қайта тексеру бойынша арнайы жұмыс тобын құруды, өрт техникасымен және мүкәммалмен нашар жабдықталған орманшылықтарға ерекше назар аударуды, табиғи өрттерді, орман шаруашылықтарының штаттық және маусымдық қызметкерлерін сөндіру бойынша оқу-жаттығулар өткізуді, өртті қауіпсіз сөндіру үшін қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Орман біздің байлығымыз. Барлық мәселелерді бірге шешуіміз керек. Дәл осы жауапты құрылымдардың үйлесімді іс - қимылымен өрт қауіпті жағдайды жедел жоя аламыз», - деп түйіндеді Ермек Маржықпаев.

  • 02.07.2023
  • 162
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика