- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысында 1000 шақырымға жуық жол салынады және жөнделеді
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында жол инфрақұрылымын дамыту қаралды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, ағымдағы жылы жолдарды жақсартуға 296 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, облыстық, аудандық маңызы бар 1000 шақырымға жуық автожолдар мен елді мекендердің көше-жол желісін салу және жөндеу жоспарланған.
«Бүгінгі таңда аудандар мен қалалардың әкімдіктері іске асыратын 269 жобаның 187-сі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, бұл 70% - құрайды. Облыста асфальтбетон және құм-қиыршық тас қоспасымен шұңқырларды жөндеу, қиыршық таспен жабылған жолдарды толтыру және профильдеу, жол таңбаларын орнату, жаңа жол белгілерін ауыстыру және орнату және т. б. жұмыстар жалғасуда», - деп хабарлады облыстық ведомство басшысы.
Облыстық маңызы бар жолдарды салу және жөндеу шеңберінде 23 жобаны іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ, «Жалтыр-Макинск» автожолында көпір салу, «Щучинск-Степняк – Уәлиханово», «Астана қаласының шығыс айналма жолы-Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлаксай», «Жалтыр-Макинск», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск», «Есіл-Свободное -Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» сияқты автожол учаскелерін күрделі және орташа жөндеу сияқты ірі жобаларды іске асыру жалғасады.
«Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары» және «Шеткі аймақтарды дамыту» шеңберінде Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарында және Қосшы қаласында 33 жобаны іске асыруға 29 млрд.теңге бөлінді.
«Шағын және моноқалаларды дамыту» бағдарламасына сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен Степногорск, Ақкөл және Атбасар қалаларындағы жобаларға 2,6 млрд. теңге бөлінді.
Щучье-Бурабай курорттық аймағының 30 шақырымнан астам жолын жөндеуге 5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, 80 шақырымды «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы аясында жөндеу жоспарлануда. Қазір Бурабай, Есіл және Шортанды аудандарында жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудандардың, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының елді мекендерінің көше-жол желісін және ұзындығы 370 км аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша 172 жобаны іске асыруға 16,5 млрд. теңге бөлінді.
Спикер өңір басшысымен есеп беру кездесулерінде облыс тұрғындарының жолдардың жай-күйіне қатысты айтылған өтініштері назардан тыс қалмағанын атап өтті. Басқарма ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жоспарланған жолдардың бірінші кезектегі учаскелерінің тізбесін жасады.
Кеңесте жолдардың жай-күйіне және оларды шешу жолдарына қатысты проблемалық мәселелер атап өтілді.
Екінші болып «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ директоры Қанат Шаймин тыңдалды, ол Ақмола филиалының жүргізіп жатқан жұмысы және облыс өңірлерінде жоспарланған жобалар туралы айтып берді.
Кеңесті қорытындылай келе, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жауапты мемлекеттік органдардың автожолдарды салу және жөндеу жөніндегі әлсіз жұмысын атап өтті. Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде орындалатын жұмыстар мен қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын игеруді тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
- 02.07.2023
- 148