• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кәсіпорындары өндірістерін белсенді түрде жаңғыртуда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
 
Өңір басшысы Ералы Тоғжановпен бірге вице-премьер бірегей кәсіпорын - «MILKER» ЖШС құрама жем зауытына барды.
 
2500 га суармалы алқапта неміс және голланд селекциясының жоңышқасы өсіріледі, ол одан әрі қуаттылығы жылына 16 600 тоннаны құрайтын немістің KAHL компаниясының жоғары  технологиялық жабдығында түйіршіктеледі.
 
«MILKER» жылына 8 мың тоннаға дейін өнім сатады. Тауарлары Ақтөбе облысынан өзге Қытай, Өзбекстан, әлеуетті елдер Иран, БАӘ-ге экспортталады.
 
Сауда министрі облыстың сүт кластерінің базалық кәсіпорны саналатын «Айс» сүт-тауарлы фермасының қызметімен танысты. Серіктестікте жем-шөп өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі сүт өнімдерін өндірудің толық циклі жолға қойылған.
 
Серік Жұманғаринге кәсіпорын өкілдері 1000 сиыры бар ферма күн сайын 37 тонна сүт беретінін айтты. Сүт қышқылды өнімдердің 38 түрі өндіріледі.
 
Сондай-ақ, вице-премьер мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолданатын және сүт-тауарлы фермаларын құруға ынталы ақтөбелік фермерлермен кездесті.                

Келесі барған нысан сүт өңдеу зауыты болды.
 
«АЙС ПЛЮС» ЖШС жылына 22 000 тонна сүт өнімін шығарады. Өнімдер Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Алматы қаласында сұранысқа ие.
 
«Ramazan QUS» ЖШС үкіметтік делегацияға жұмыртқа мен құс етін өндіру процесін көрсетті.
 
Кәсіпорында 365 мың құсты торда ұстауға арналған «ZUCAMI» испандық фирмасының заманауи жабдығы орнатылған, жұмыртқаны сұрыптау бойынша жаңа желі және 1,5 млн дана жұмыртқаны сақтауға арналған жабдық, сонымен қоса, сағатына 10 тонна құрама жем шығаруға қауқарлы жаңа жабдық сатып алыныпты.
 
Құс өнімдерінен бөлек, кәсіпорында ұн, нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдер, жарма шығарылады.
 
«Айбек» ӘКК ет өңдеу комбинатында малдың барлық түрін сою, сақтау және өңдеу бойынша өндірістік кластерлік цикл жолға қойылған. Мұнда отандық өндіріс стандартына сай келетін жоғары сапалы табиғи консервілердің 6 түрі шығарылады. ГОСТ стандарты қатаң сақталады.
Сою цехы тәулігіне 8 тонна ет, консервілеу цехі тәулігіне 4800 дана банка шығаруға қауқарлы.
 
Өңірде картоп өсіру белсенді дамып келеді. Бір ғана Қарғалы ауданының өзінде екі ірі шаруашылық «Арман» ШҚ және «Актеп» ЖШС жұмыс істейді.
Атап айтқанда, «Актеп» жыл сайын 170 гектар алқапқа картоптың үш сұрпын отырғызады, жиналған өнім 5000 шаршы метр аумақты қамтитын көкөніс қоймасында сақталады. «Арман» ШҚ қазіргі уақытта сыйымдылығы дәл осындай тоннаны құрайтын бірнеше жаңа көкөніс қоймаларын салуда.

  • 03.07.2023
  • 185
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика