• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Марат Қарабаев Маңғыстау облысындағы теңіз порттарын дамыту жоспарының іске асырылуын тексерді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысына жасаған екікүндік жұмыс сапарында «Құрық – Жетібай» және «Доссор – Құлсары – Бейнеу» жол учаскелеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Құрық – Жетібай бағытындағы автожолдың 0-64 шақырым учаскесіндегі күрделі жөндеумен «Ақжол құрылыс» ЖШС айналысып жатыр. Жол құрылысына 11,7 млрд теңге бөлініп, қолға алынған жұмыстар 2024 жылы аяқталуға тиіс. Қазір барлық жол төсем материалын төсеу жұмыстары жалғасып келеді. 210-311 шақырым аралығындағы «Доссор – Құлсары – Бейнеу» жол учаскесіндегі орташа жөндеу жұмыстары да келер жылы аяқталады деп көзделген.

Бұл орайда ведомство басшысы биыл Маңғыстау өңірінің жолдарын жөндеп, қалыпқа келтіруге 17,7 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

Содан кейін Марат Қарабаев Каспийдегі ірі көлік инфрақұрылымының әлеуетін бағамдады. Атап айтқанда, министр Құрық портының алдындағы теміржол стансасының қызметімен, Александр Бекович-Черкасский шығанағындағы «Ертай Каспиан конструктор» ЖШС-не қарасты айлақтардың жұмысымен, сондай-ақ отандық көлік-транзит әлеуетін дамыту аясында «Сеймург Инвест» компаниясының жеке қаражатына салынып жатқан «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының мүмкіндіктерін байқап қайтты.

Бұған қоса Марат Кәрімжанұлы Құрық пен Ақтау теңіз порттарында кездесулер өткізіп, Ақтаудағы солтүстік теңіз терминалының қызметін тексерді. Оның барысында Құрықта паромға дейінгі сұрыптау стансасы мен жылдық қуаты 1 млн тоннаға дейінгі астықты қабылдауға қауқарлы терминалдың құрылысы талқыланды. Бұл арқылы Иран – Кавказ бағытында жүк өткізу қабілетін ұлғайтуға жол ашылады.

Ақтаулық теңіз сауда портында ұйымдастырылған кездесудің негізгі арқауы контейнерлік хабты құру және таяу маңдағы теңіздің түбін тереңдету, сондай-ақ №3 айлақты кеңейту, мұнай құюға арналған айлақтарды қалпына келтіру және қайта тиейтін техника паркін жаңарту мәселелеріне арналды.

Жұмыс сапарының соңында ҚР ИИДМ басшысы «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болып, оның экономикалық тиімділігі, даму перспективалары мен өзекті мәселелеріне байланысты қызметкерлермен пікір алысты.

  • 03.07.2023
  • 174
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика