• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру қарқынын төмендетпеуді тапсырды

 Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бизнес климатты жақсарту, вегетациялық кезеңнен өту мәселелері талқыланды.

Оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, аудан әкімдері бейнеконференцбайланыс режімінде қосылды.

Кәсіпкерлік басқармасының деректеріне сәйкес, тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 21,5%-ға артып, 97,1 мың бірлікті құрады, жұмыс істейтіндері 87,8 мың бірлікке дейін өсті.

2022 жылы ШОБ субъектілері 1,8 трлн теңгеге өнім өндірген. Өсім 107,8% құрады. Шағын және орта бизнесте 182 мың адам жұмыс істейді.

Жыл сайын ҚР жоғары аудиторлық палатасымен жүргізілетін бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі қорытындысына сүйенсек, Ақтөбе облысы рейтингте 2-орынға ие болып, 2020 жылдың қорытындысымен салыстырғанда өз позициясын 11 пунктке жақсартты. Аймақ жергілікті атқарушы органдардың тиімділігі жағынан анонимді сауалнама нәтижелері бойынша үздік үштікте.

Облыс екі жыл қатарынан қолдау алған кәсіпкерлердің саны бойынша ірі мегаполистерден басып озды, өңірлер бөлінісінде көш бастап тұр.
2022 жылы ұлттық жоба аясында мемлекеттік бюджеттен 11,3 млрд. теңге бөлінді, бұл 4549 жобаны қолдауға мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлік басқармасы бизнес субъектілері санының одан әрі өсуін, оның ішінде облыстық бюджет, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазхром ТҰК» АҚ қаражаты есебінен Хромтау моноқаласының кәсіпкерлеріне кредит беруді көздейді. Қаржыландырудың жалпы көлемі 2,0 млрд. теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда 571,7 млн. теңге сомасына 25 жоба мақұлданды.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстар аясында әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдауда.

Палата жанында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 695 қызмет көрсетті, 1690 бизнес субъектілері мен әлеуетті кәсіпкерлер үшін 6602 кеңес берген.
Сондай-ақ, жиында ауыл шаруашылығында пайдалану мақсатында суды жинақтау және сақтау мәселелері қаралды.

Суармалы алқаптарды одан әрі ұлғайту мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 6 ірі және 8 шағын су қоймаларын салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуде.

Ералы Тоғжанов осы бағытта жүргізіліп жатқан «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы мен басқарма жұмысын қатаң сынға алды.
 

💬

 «Мәселе өте өзекті, сіздердің суды ұстап қалуға қатысты қабылдаған шараларыңыз жеткіліксіз. Жұмысты күшейту керек, бұл су шаруа қожалықтарына қажет», - деп атап өтті өңір басшысы.
 
Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
Бүгінгі таңда облыс тұрғындары 6,5 млрд теңге бөлінген «Ауыл аманатына» қатысуға 1422 өтінім берді. 4,5 млрд теңгені құрайтын 1127 жоба мақұлданған. Мәртөк, Хромтау, Қарғалы және Қобда аудандары – көшбасшылар қатарында.

315 отбасы 195 жылқы, 1056 бас ІҚМ, 2709 ұсақ мал алып, тауарлы несиелеу тетігін пайдаланыпты. Өңірде жоба басталғалы бері 54 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды, оның құрамында 259 ауыл тұрғыны бар.

Жиын соңында облыс әкімі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

  • 04.07.2023
  • 193
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика