- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Қазгидромет шілде айынының құрғақшылық болжамын нақтылады
Нақтыланған болжамға сәйкес шілдеде Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайлары көбінесе нормаға жуық болады деп күтілуде.
Бірқалыпты құрғақшылық күтіледі:
Ақмола облысының Жарқайың ауданында,
Қостанай облысы Жангелді ауданында,
Ақтөбе облысының Әйтекеби, Ырғыз аудандарында,
Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында,
Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында.
Қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында орын алуы мүмкін.
Бірқалыпты ылғалдылық Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавл қаласында және Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында болжанады.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады, www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады.
- 10.07.2023
- 129