• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда «Баку жазғы энергетикалық мектебі-2023» форумы басталды

«Баку жазғы энергетикалық мектебі» - энергетика және экология мәселелерін толық зерттеу үшін, оның ішінде Каспий теңізінің проблемаларына баса назар аударатын бағдарлама. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен танымал ғалымдар, саясаткерлер және мамандар жыл сайын дәстүрлі түрде жиналады.  Биыл өткізіліп отырған жазғы мектептің форматына өзгертулер енгізілген. Оның аясында бағдарламаға қатысушылар алғаш рет Ақтауда бас қосты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баку жазғы энергетикалық мектебінің қатысушылары алдағы үш күнде Маңғыстау облысының энергетика саласындағы әлеуетімен танысады. Бұл бағдарламаны Ақтау қаласындағы Әзірбайжан консулдығы, орталық қоғамдық қор мен «АДА» университеті (Әзірбайжан) және Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған. 

Ақтауда өткен «Баку жазғы энергетикалық мектебі-2023» форумына Әзербайжан, Түркия, АҚШ, Испания, Италия, Нигерия, Сауд Арабиясы, Қазақстан, Жапония, Қытай, Венгрия, Болгария, Чехия сияқты елдерден 67 қатысушы жиналған. Олардың қатарына энергетикалық компаниялардың мамандары, түрлі мемлекеттік мекемелердің, елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ энергетика және экология мәселелерін зерттейтін ғалымдар, журналистер мен аспиранттар кіреді. 

- Энергетика саласы еліміздің экономикасының негізгі секторы және солай болып қала береді. Өз тарапымыздан халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенімізді атап өткім келеді. Бұл форум Каспий өңірінің энергетика, транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға және ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға үлес қосатынына сенімдімін. Барлық бастамаларыңызға сәттілік! - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. 
 
Маңғыстау Қазақстан мұнайының 1/4 бөлігін өндіретін өнеркәсіптік аймақ болып табылады. Жыл сайын өңірде 17 млн тоннаға дейін мұнай және шамамен 2,8 млрд текше метр табиғи газ өндіріледі.

Өңірдің экономикасында тау-кен өнеркәсібі басым, оның үлесіне жалпы өңірлік өнімнің жартысынан астамы және облыстың жалпы өнеркәсіп көлемінің 80% - дан астамы тиесілі. Сондай-ақ, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов учаскелерінде жаңа кен орындарын барлау жұмыстары жүргізілуде.
   
Сонымен қатар, Қарақия ауданында «Жасыл» сутегін өндіретін зауыт салу жоспарланған. Жоба бойынша жалпы қуаттылығы 40 ГВт күн және жел станцияларын салу қарастырылған, бағдарлама жылына 2 млн тоннаға дейін «жасыл» сутегі мен 11 млн тонна «жасыл» аммиак шығаруға мүмкіндік береді.

  • 11.07.2023
  • 157
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика