• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көкшетауда жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен отырыста жылу трассаларын, қазандықтарды және Степногорск ЖЭО жөндеу жұмыстарының барысы қаралды.

Ағымдағы жылы 1087 қазандық, 707 білім беру объектісін, 518 денсаулық сақтау объектісін және 2 630 тұрғын үйді дайындау және 60 км жылумен жабдықтау тораптарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл бәріміз бірге жан-жақты жүргізетін жұмыс. Өткен жылы біз жылыту маусымы қарсаңында жұмыстарды жасыру фактілеріне тап болдық. Басқарма басшылары, сіздер әкімдермен бірлесіп жұмыс істеулеріңіз керек, атап айтқанда, бұл әсіресе әлеуметтік салаларға қатысты. Бұл өте маңызды", - деді Ермек Маржықпаев.

Облыс әкімі артта қалған Жарқайың, Бурабай, Атбасар, Шортанды және Зеренді аудандарының әкімдеріне жөндеу жұмыстарын тездетуді тапсырды.

Облыс орталығы мен Степногорск ЖЭО қазандықтарында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына ерекше назар аудару қажет. Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр осы қалаларды жылумен жабдықтау мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы мақсаттарға Үкімет резервінің қаражатынан 4,6 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жылумен жабдықтау объектілерін техникалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатқа 290 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, отырыста көтерілген мәселелердің бірі көмірмен қамтамасыз ету мәселесі болды. Жылыту маусымына халық үшін қажеттілік шамамен 1 млн. тоннаны құрайды. Коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттілігі – 530 мың тонна. Бүгінгі таңда, жеткізілімдер бойынша шарттар жасасу бойынша жұмыс және уақытында сатып алу қажеттілігі туралы халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына аудандар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп, жылу беру маусымына дайындықты, отынның нормативтік қорының болуын, штаттан тыс жағдайларға арналған қосалқы материалдардың, жабдықтардың, техниканың қажетті санын жасауды, жылумен жабдықтау объектілерінің, жылу көздері мен инженерлік желілердің алдағы жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 12.07.2023
  • 164
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика