- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
2023 жылғы 6 айдағы мемлекеттік қаржыны атқару туралы
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.
Өз сөзінде Е.К. Жамаубаев мемлекеттік бюджетке 9,2 трлн. теңгеден астам кіріс түсіп, жоспар 102,3% - ке орындалғанын атап өтті.
Республикалық бюджетке 6,1 трлн теңге түсті.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 121,7% - ке орындалып, 3,1 трлн. теңгені құрады. Жоспар 552 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 504 млрд. теңгеге асыра орындалды.
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,3% – ке, республикалық бюджет шығыстары 99,4% – ке, жергілікті бюджеттер шығыстары 99,5% - ке орындалды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 6 айында 1 138 аудиторлық іс-шара өткізілгені атап өтілді. Аудитпен 644 млрд. теңге қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша шамамен 113 млрд. теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 101 млрд. теңгеге бұзушылықтарды жойды.
Өз сөзінің соңында Ерұлан Жамаубаев жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы айтты.
- 12.07.2023
- 133