• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан электр станцияларының техникалық аудитінің нәтижелері және «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасын іске асыру туралы

2023 жылғы 12 шілдеде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ҚР Үкіметінің отырысында ЖЭО техникалық аудитінің нәтижелері және «Иинвестиция орнына тариф» бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтты.

 

Техникалық аудит жүргізу барысында халықаралық сарапшылар мен KPMG Қазақстанның 57 станциясына, оның ішінде 37 жылу электр орталығына барды.

 

Техникалық жағдайды бағалау нәтижелері бойынша энергетикалық қазандықтардың 62% - ының, турбиналардың 58% - ының парктік ресурстары аяқталып, ауыстыруды қажет ететіндігі анықталды. Ауыстыруға қажетті қуат көлемі - 2,5 мың МВт., - Қуаттарды ауыстыруға қажетті көлем 2,5 мың МВт құрайды.- деп хабарлады энергетика министрі.

 

Сондай-ақ, Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда аудит қорытындылары бойынша сарапшылар ұсынған ұсыныстарды ескере отырып, әрбір станция бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Жаңғыртуға және қалпына келтіруге жатпайтын, қатты тозған, ескірген станциялар жаңа қуаттар іске қосылған сайын біртіндеп пайдаланудан шығарылатын болады.

 

Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бекітілген «Жол картасы» шеңберінде «Инвестиция орнына тариф» жаңартылған бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, электр энергиясын генерациялау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд. теңгеден 428 млрд. теңгеге дейін көтерілді. Электр қуаты нарығында шекті тарифті айына 1 МВт үшін 1,5 млн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

Энергетика министрінің айтуынша бұл шара жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңарту және жөндеу үшін генерация секторына жыл сайын 160 млрд.теңге көлемінде инвестиция құюға мүмкіндік береді.

 

Болжамды тарифтік саясатты қамтамасыз ету мақсатында инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуді ескере отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді ұзақ мерзімді кезеңге бекіту мүмкіндігі қаралады.

 

«Инвестиция орнына тариф» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қысқа мерзімді шаралар шеңберінде жаңғыртуға және қалпына келтіруге жатпайтын, қатты тозған жылу электр орталықтары бойынша 2024 – 2026 жылдың үш жылдық кезеңіне негізгі және қосалқы жабдыққа күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды жасасу ұсынылады. Бұл жаңа қуаттарды іске қосқанға дейін жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін осы жылу электр орталықтарын жұмысқа жарамды күйде ұстауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

 

Ұзақ мерзімді перспективада одан әрі пайдалануға жататын станциялар бойынша қуаттарды жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту бойынша бағдарламаны әзірлеу жөніндегі меншік иелерінің міндеті бөлігінде инвестициялық келісімдер жасасу шеңберінде инвестициялық жобаларды іріктеу тәсілін өзгерту ұсынылады.

 

 

Ведомство басшысы атап өткендей инвестициялық келісімдерді жасасу кезіндегі басты өлшемшарт – тозу деңгейін қолданыстағы деңгейден 10 – 15% - ға төмендету бөлігінде нысаналы индикаторларды белгілеу, кәсіпорынның өз мұқтаждарын қысқарту, шартты отынның үлестік шығынын жобаға сәйкес келтіру, үздік қолжетімді техникаларды енгізу болып табылады.

 

Сонымен қатар, нарыққа қатысушылар тарапынан алынған қаражатты мақсатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қарсы міндеттемелерді енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда заңнамаға тиісті түзетулер пысықталуда, - деді ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев.

 

Бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен нысаналы пайдаланылуын бақылау мақсатында инвестициялық келісімдердің іске асырылуына үш кезеңдік бақылауды енгізу ұсынылады.

Тәсіл мыналарды қарастырады:

1) жобалау кеңсесінің базасында уәкілетті орган тарапынан бақылау. Жобалық кеңсе шеңберінде барлық мүдделі тараптардың бақылауы бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Сондай ақ Инвестициялық келісімді іске асырудың барлық кезеңдерінде Энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тарапынан бақылау;

2) қоғамдық ұйымдарды, нақты өңірдің тұрғындарын тарта отырып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау;

3) мүдделі тараптарды тарта отырып, жария тыңдаулар өткізу, құқық қорғау органдары тарапынан бақылау, - деп қорытындылады энергетика министрі.

  • 12.07.2023
  • 170
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика