• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда 2024 жылдың соңына дейін екі балық шаруашылығы кәсіпорыны іске қосылады

Маңғыстауда балық шаруашылығын жандандыру және дамыту бойынша жаңа кәсіпорындар құру мен жұмыс орындарын ашу, шығарылатын өнім көлемін ұлғайту және теңіз фаунасының популяциясын сақтау жұмыстар қайта жаңғырды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Балық өсіруге және оны өндіруге баса назар аудара отырып, балық шаруашылығын жандандыру және оны дамыту өңірдің ғана емес, еліміздің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерін ұлғайтуға оң әсер ететін перспективті басым бағыттардың бірі.

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы 1350 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда балық аулау үшін екі ауданда 33 учаске бөлінген. Олардың 22-сі Түпқараған ауданында болса, 11-і Қарақияда орналасқан. Учаскелердегі жалпы штат саны 793 балықшыдан тұрады, 2023 балықшылар саны 811-ге дейін өскен.

Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында 2022 жылы 10,5 млн теңге бөлініп, оның 9,532 млн теңгесі игерілген. Бүгінде аймақта балық өсірумен 3 кәсіпорын айналысады. Олар «Caspian riviera», «Kazakh osetter», «Nataly Company» кәсіпорындары.

Облыста 2022 жылы 37 тонна балық өсіру жоспарланып, бұл мақсат 10,5 тоннаға артық орындалған. Өңірде 2022 жылы жалпы салмағы 47,5 тоннаны құрайтын жайын және бекіре тұқымдас балық өсірілген.

Алдағы екі жылда облыста балық өсірумен айналысатын екі кәсіпорын ашу жоспарланған. Олар «Caspy Altyn Balyk» ЖШС және «Кәусар бұлақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.

«Caspy Altyn balyk» ЖШС тұйықталған су жүйесі арқылы бекіре балықтарын өсіретін және қайта өңдейтін, жалпы құны 400 млн теңгені құрайтын жоба.

«Кәусар бұлақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ауыл шаруашылығы мақсатында берілген ауданы 40 гектар жер учаскесін ресімдеген, оның ішінде 5 гектар жер ішінара балық өсіруге арналған. Қазіргі уақытта тоғанда 28000 данадан астам сазан шабақтары өсіріледі. Жобаның құны 20 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, білікті кадр резервін қалыптастыру және балықшаруашылығы саласын кепілді дамыту үшін Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде балық шаруашылығы факультеті ашылған. Оқыту «Балық өндірісі» мамандығы «Техник-технолог» біліктілігі бойынша жүргізілетін болады. Жаңа оқу жылында бұл мамандықтарда 20 студент оқиды. Студенттер жергілікті бюджеттің қолдауымен тегін оқытылады және шәкіртақы алатын болады.

  • 12.07.2023
  • 201
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика