• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында жылыжай саны артуда

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Алға ауданына жұмыс сапарымен барды. 

Үшқұдық ауылында өңір басшысы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыс аумағында салынып жатқан жылыжайлардың біріне барды.

Нұрзада Жапарова ауданы 160 шаршы метр жылыжай салу үшін 7,5 млн теңге сомасына жеңілдетілген несие алды. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстары аяқталған, тек тамшылатып суару жүйесін жасау ғана қалған. Тамыз айында қияр отырғызу жұмыстарын бастайды. Жылыжай жылыту жүйесімен жабдықталған. Алғашқы өнімді қараша айында алу жоспарлануда.
 

«Бұл жобаның негізгі мақсаттарының бірі – халықты жыл бойы өз өндірісіндегі азық-түлікпен қамтамасыз ету. Мұндай жылыжайлар көкөністерді сақтау мәселесін күн тәртібінен алып тастауға мүмкіндік береді, бұл маусымаралық кезеңдегі көкөністердің бағасына оң әсер етеді», - деді Ералы Тоғжанов.

Үшқұдық ауылдық округінің тұрғындары «Ауыл аманатымен» 20 жобаны жүзеге асыруда, оның ішінде 4 жылыжай салынды.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауылдық округ аумағында кәсібін дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысты.

«Энергия» ШҚ басшысы Ерлан Мұханов биыл егіннен жақсы өнім күтеді.
 

💬

«Егер ауа-райы қолайлы болса, онда біз гектарына кемінде 20-25 центнер астық жинаймыз, сәтсіздік болған жағдайда - гектарына 10-15 центнер, бұл да жақсы нәтиже болмақ», - деді Ерлан Мұханов.

Талғат Құртабаевтың «Ажар+» шаруа қожалығы биылғы жылы 1708 гектар алқапқа бидай, арпа, күнбағыс және басқа да майлы дақылдар еккен. Бұл ретте «Ажар+» өнімді қайта өңдеуді де жолға қойыпты. Бүгінгі таңда қожалыққа қарасты наубайхана жұмыс істейді, онда Үшқұдық тұрғындары үшін күн сайын 150 нан пісіріліп, ыстық күйінде сатылады. Жақын арада 100 бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасы жұмысын бастамақ, онда ешкі сүті де өндіріледі. Талғат Құртабаев ферма құрылысын «Ауыл аманаты» жобасының қаражатын тарта отырып, аяқтауды жоспарлап отыр. Алайда, жобаның шарттары бойынша шаруа қожалықтарын қаржыландыру қарастырылмаған.
Облыс әкімі бұл мәселе қосымша қаралатынына, шаруа қожалығы міндетті түрде әрі қарай даму үшін көмек алатынына сендірді.

Үшқұдық ауылында салынып жатқан ангар үлгісіндегі жаңа спорт кешені қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Ералы Тоғжанов «Шаңырақ XXI» ЖШС мердігерлік ұйымының алдына құрылысты жоғары сапада жасап, мерзімінде тапсыру міндетін қойды.

Спорт кешенінде ауыл тұрғындары бокс, күрес, шығыс жекпе-жегімен шұғылданып, жаттығу залында жаттыға алады. Сондай-ақ, мұнда шағын футбол, теннис және волейбол бойынша оқу-жаттығу сабақтарына арналған көпмақсатты спорт залы қарастырылған.

Облыс әкімінің жұмыс сапары Алға ауданындағы қарқынды дамып келе жатқан ауыл – Маржанбұлақта жалғасты.

  • 13.07.2023
  • 154
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика