- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша қызметін қорытындылады
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша өз қызметін қорытындылады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың төрағалығымен өткен алқа отырысына Аппарат басшысы Е.Қ. Егемберды, Қаржы вице-министрі Е. Е. Біржанов, сондай-ақ Комитет басшылығы мен аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Отырыс барысында Комитет төрағасы мен оның орынбасарларының ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндамалары тыңдалды.
Ерұлан Жамаубаев өз сөзінде "көлеңкелі" экономиканы төмендету және салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, оның ішінде оны цифрландыру арқылы, кешенді шаралар қабылдау есебінен бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау, елден капиталды шығаруға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі алдағы міндеттерді айқындап, Комитет қызметін жақсарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
- 14.07.2023
- 139