• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде «Қазақстанның ауыл әйелдерінің облыстық форумының» өңірлік кездесуі өтуде

Ақтөбеде Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының 300-ден астам өкілдерін біріктірген «Қазақстанның ауыл әйелдерінің облыстық форумының» өңірлік кездесуі өтуде. Олардың қатарында өз ісін ашқысы немесе дамытқысы келетін қалалар мен аудандардан келген жас кәсіпкерлер мен жұмыссыз әйелдер бар. Бейнеконференц-байланыс режимінде іс-шараға облыс әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрліктерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форумға қатысушыларды Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов құттықтау сөзінде ол бірнеше жыл ішінде ауыл әйелдерінің форумы көптеген адамдарды өз ісін ашуға және дамытуға шабыттандырып, тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналғанын атап өтті.
 

💬

 

 «Қазір қоғамда, әр салада әйелдердің үлесі зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде» - деп атап өткен болатын. Ауыл әйелдерінің әлеуетін көтеру, бизнесін дамыту арқылы қоғамды жаңғыртып, экономиканы қарқындатуға қол жеткіземіз. Ақтөбе өңірінде барлық салаларда әйел азаматтар белсенді. Мемлекеттік саясат пен көрсетіліп жатқан қолдау шараларының арқасында өңірдегі кәсіпкер әйелдер саны артып келеді. Ел Президетінің тапсырмасына сәйкес, өңірде сәтті жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында мыңдаған ауыл тұрғыны өз ісін ашып, отбасыларын тұрақты табыспен қамтамасыз етуде. Жобаны іске асыру басталғалы бері Ақтөбе облысының 5 ауылында жұмыссыздық толығымен жойылды. Бүгінгі күні 53 әйел тауарлық несие алса, 263 қыз-келіншек 2,5 пайызбен 1,1 млрд. теңге көлемінде қаржылай несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Еліміздің батыс өңірлерінің басын қосқан бүгінгі ауыл әйелдері форумында халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер көтеріліп, жүйелі жұмыстар жалғасын табады деп сенім білдіремін», - деді Ералы Тоғжанов.

Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы алтыншы жыл бойы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту жолдарын іздестіріп, бастамаларды талқылауға алаң ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде 10 мыңнан астам әйел өз ұсыныстарымен бөлісіп, жаңа білім мен іскерлік байланыстарға ие болды, ауылды тұрақты дамыту бойынша өз жобалары мен ұсыныстарына қолдау тапты.
 

 

 «Форумның негізгі міндеттеріне жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын дамыту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ 2030 тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу мәселелерін талқылау кіреді», - деп түсіндірді іс-шаралардың модераторы және «Қазақстан ауыл әйелдері форумы» ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина.

Форум барысында облыс әкімі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Алға, Қарғалы, Байғанин, Темір, Хромтау аудандарында тұратын 5 әйелге тауарлық несие сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, іс-шараның ресми бөлімінен кейін Форумға қатысушылар бизнес негіздері және фермерлік дағдыларды дамыту бойынша тәжірибелік тренингтерге қатысуға мүмкіндік алады. Жұмыссыз әйелдерге «Coca-Cola Белестері» әлеуметтік жобасына қатысу ережелері түсіндіріледі, онда олар өз ісін дамытуға гранттар ұтып ала алады. 2020 жылдан бастап бұл грантты Ақтөбе облысының төрт тұрғыны жеңіп алды, олар ешкі сүтінен өнім өндіруді, саңырауқұлақ өсіруді, әйелдер спорттық киімдері мен қалыңдықтың шалбарын тігуді жолға қойды. Айта кетейік, олардың өнімдері, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға арналған өтеусіз грант иегерлерінің түрлі өнімдері (зергерлік бұйымдар, былғарыдан жасалған бұйымдар, гипс, брендтік киім және т.б.) «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығында өткен көрмеде ұсынылды.

  • 14.07.2023
  • 161
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика