• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалог: Ақтаудағы кеңесте салалық кеңестердің көмегімен кәсіпкерлер мәселелерін шешу жолдары талқыланды


Мемлекет экономиканың түрлі секторларындағы бизнес өкілдерін толғандыратын мәселелерге ерекше назар аударады. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер арасындағы бизнесті одан әрі дамыту мақсатындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиынға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасының басшысы Рашит Мұстапаев, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Әмірғали Жаңаев, Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова, Қарақия ауданындағы «Бір ауыл - бір өнім» жобасының жетекшісі Жанагүл Жапарова, Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев пен Маңғыстау облысының кәсіпкерлері қатысты.

Бүгінде Маңғыстауда сегіз салалық кеңес жұмыс істейді. Олардың жүйелі жұмысының арқасында кәсіпкерлер жедел және жүйелі мәселелерінінің шешімін таба алады. 

Кеңеске қатысушылар шұғыл шешімдерді талап ететін бизнес-кәсіпкерлердің алдында тұрған салалық проблемаларды талқылады және «Бір ауыл-бір өнім» жобасының жылдық нәтижелерінінің қорытындысын тыңдады. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу қажеттігін атап өтті.

-Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес тұрақты түрде дамып келеді. Өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жыл сайын мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Өңірдің жұмыс істейтін тұрғындарының 44% - ы шағын және орта бизнес секторында кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Бұл жақсы көрсеткіш. Осы орайда, кәсіпкерліктің дамуына тиімді ахуал қалыптастыруда, заңсыздықтармен, заңнамалық әкімшілік кедергілерді жоюда оларды сүйемелдеуде кәсіпкерлер Палатасының қосар үлесі зор, - деді Нұрлан Ноғаев. 

2023 жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба  шеңберінде республикалық бюджеттен - 13 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,2 млрд. теңге бөлінген. Қаражат пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға, несиелерге кепілдік беруге және жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар бөлуге бағытталған. 

Қазіргі таңда, жоба шеңберінде 800-ден астам кәсіпкер өтінімдерін жолдап, 589 кәсіпкердің өтінімі комиссия қарауына жолданған. Осы көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында өңіріміздің кәсіпкерлер саны өсіп келеді.

Облыс кәсіпкерлері 1,8 трлн. теңгенің өнімін шығарып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 227,4 млрд. теңгеге өсім көрсеткен. 

Кездесу соңында кеңеске қатысушылар бизнестің өзекті мәселелерін салалық кеңестер отырыстарының күн тәртібіне енгізу жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.

  • 14.07.2023
  • 156
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика