• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында білім беру жүйесіндегі қаржыны басқару және кадрларды қабылдаудың орталықтандырылған моделі пилоттық жоба ретінде енгізіледі

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу кеңес өтті. Оған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
 

Облыс әкімі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударды.
 
«Білім беру саласы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өте жоғары. Сондықтан, бірінші басшылардан бастап бұл мәселе қатаң бақылауға алынуы қажет. Бюджет қаражатын аударуды бақылауды күшейту, қаражатты үшінші тұлғаларға аудару тәуекелдерін болдырмаудың алдын алу бойынша  шаралар қабылдануы тиіс.  Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан қаржылық тәртіпті күшейтіп,  қаржылық мәдениетті қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет.  Білім беру саласындағы әрбір қызметкер адамгершілікке, парасаттылыққа, адалдыққа  ие болуы тиіс», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
 
Облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Алмат Мырзалиев баяндама жасады.
Саланы дамыту, қаржылық тәртіпті, бюджет қаражатын аударуға бақылауды күшейту, қаржылық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  алдын алу  мақсатында жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отырғаны атап өтілді.
Мәселен, біздің облыста білім беру жүйесіндегі қаржыны басқару, мемлекеттік сатып алу және кадрларды қабылдаудың орталықтандырылған моделі пилоттық жоба ретінде енгізіледі.
 
Жайық Сұлтан өңіріміз бастамашылық еткен жобаны Оқу-ағарту министрлігі қолдағанын мәлімдеді.
 
Жоба білім беру ұйымдарындағы бюджетті пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді, қаржыны жоспарлау, басқару және пайдалану процесін жеңілдетеді, мемлекеттік сатып алу мен педагог мамандарды іріктеу процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Пилоттық жоба АҚШ, Австралия, Финляндия, Сингапур және Швеция сияқты елдердің мемлекеттік сатып алулары мен қаржысын орталықтандырылған басқару бойынша оң тәжірибеге негізделеді.
Білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау және педагогтерді жұмысқа қабылдау рәсімдері де орталықтандырылып, эклектрондық форматқа ауыстырылады. Бұл субъективтілікті жойып, ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді деп күтілуде.
 
Айтып өткен жөн, білім беру саласы – облыс бюджетінің басым бағыттарының бірі. 2023 жылы осы саланы қаржыландыру көлемі 248 млрд теңгені құрады. Бұл – облыстық бюджет шығыстарының 40%-ы.

  • 17.07.2023
  • 180
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика