- Блогтар
 - Қалиғазин А. Е.
 
Қалиғазин А. Е.
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Қазақстандағы МЖӘ-нің ағымдағы жағдайы бойынша анықтама
- МЖӘ жобалары, концессиялық жобалар бойынша жиынтық ақпарат (бұдан әрі – жобалар)
 
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша
жалпы құны 2 222 млрд теңгені құрайтын 1 088 концессиялық, МЖӘ шарттары (бұдан әрі – Шарттар) (оның ішінде 2 153 млрд теңге сомасына  792 іске асырылып жатқан жоба, 69 млрд теңге сомасына 296 мерзімі аяқталған жобалар (шарттардың мерзімі өткен) жасалған:
- 15 – құны 1 250 млрд теңгеден асатын республикалық жобалар;
 - 1 073 – құны 972 млрд теңгеден асатын жергілікті жобалар.
 
Анықтама ретінде:
2005 ж. – 2 жоба (77,9 млрд теңге), 2007 ж. – 1 жоба (4,1 млрд теңге),
2016 ж. – 12 жоба (11,6 млрд теңге), 2017 ж. – 148 жоба (201,5 млрд теңге),
2018 ж. – 274 жоба (887 млрд теңге), 2019 ж. – 256 жоба (150,4 млрд теңге),
2020 ж. – 133 жоба (219,1 млрд теңге), 2021 ж. – 187 жоба (225,6 млрд теңге),
2022 ж. – 39 жоба (349,7 млрд теңге), 2023 ж. – 36 жоба (95,4 млрд теңге).
Жоспарлау мен дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде құны 317 млрд теңгеден асатын барлығы 138 жоба бар, оның ішінде:
1) құны ~81,5 млрд теңгені құрайтын республикалық деңгейдегі 14 жоба, оның ішінде:
- жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын 3 жоба бойынша конкурс жарияланды;
 - құны 80,5 млрд теңгені құрайтын конкурс өтпеген 1 жоба;
 - жоспарлау сатысында 10 жоба.
 
2) жалпы құны ~235,8 млрд теңгені құрайтын өңірлік деңгейдегі 124 жоба, оның ішінде:
- жалпы құны ~ 93 млрд теңгені құрайтын 36 жоба бойынша конкурс жарияланды, оның ішінде жеке серіктестердің бастамасымен 9 жоба бойынша тікелей келіссөздер жүргізілуде;
 - құны ~ 10,5 млрд теңгені құрайтын конкурс өтпеген 37 жоба;
 - құны ~132,3 млрд теңгені құрайтын 51 жоба жоспарлау кезеңінде.
 
II. Іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат
Пайдалану кезеңінде құны шамамен 845 млрд теңгені құрайтын 577 жоба бар, оның ішінде:
- құны шамамен 226 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар 9 жоба;
 - құны 619 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар 568 жоба.
 
Инвестициялық кезеңде құны 1 309 млрд теңгені құрайтын 215 жоба бар, оның ішінде:
- құны 1 024 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар 6 жоба;
 - құны 285 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар 209 жоба.
 
- Жасалған Шарттар бойынша салалық ақпарат
 
| 
			 Сала  | 
			
			 Саны  | 
			
			 Жалпы құны  | 
		|
| 
			 бір.  | 
			
			 үлесі, %  | 
			
			 млрд теңге  | 
		|
| 
			 Білім  | 
			
			 623  | 
			
			 57  | 
			
			 196  | 
		
| 
			 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер  | 
			
			 195  | 
			
			 18  | 
			
			 414  | 
		
| 
			 Энергетика және ТҮКШ  | 
			
			 79  | 
			
			 7  | 
			
			 121  | 
		
| 
			 Мәдениет және спорт  | 
			
			 142  | 
			
			 13  | 
			
			 321  | 
		
| 
			 Көлік және инфрақұрылым  | 
			
			 25  | 
			
			 2  | 
			
			 839  | 
		
| 
			 Басқалар  | 
			
			 24  | 
			
			 2  | 
			
			 331  | 
		
| 
			 Сомасы  | 
			
			 1 088  | 
			
			 100  | 
			
			 2 222  | 
		
Жасалған Шарттардың 88%-нан астамы сандық тұрғыдан 3 салаға тиесілі: білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, энергетика және ТҮКШ.
Дегенмен, құндық мәнде шамамен 38%-ы көлік және инфрақұрылымға тиесілі.
Жобалардың деректер базасы «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ сайтында орналасқан (https://kzppp.kz), база ай сайын жаңартылып отырады.
- 18.07.2023
 - 304
 
                
                                

