• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Энергетикалық қадағалау: Шахтинск қаласының әкімдігі мен ЖЭО басшылығына барлық шұғыл шараларды қабылдау және мердігерлік ұйымдардың жұмысын бақылау тапсырылды

2023 жылғы 15 шілдеде «Amanat» партиясы Қарағанды облысының Шахтинск қаласына жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі Бауыржан Смағұлов жергілікті жылу электр орталығына барып, энергия объектісіндегі бірқатар проблемаларды анықтағаны туралы хабарлама таратты.

 

17 шілдеде депутат атап өткен мән-жайларды назарға ала отырып және энергетикалық кәсіпорынның жылыту маусымына дайындық барысын кезекті тексеру жүргізу үшін Қарағанды облысы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті Шахтинск ЖЭО-на жоспардан тыс тексерумен шығу туралы шешім қабылдады.

 

Шахтинск ЖЭО коммуналдық кәсіпорны 1964 жылдан бері жұмыс істейді, оның тозуы 75% құрайды және қызыл аймақта орналасқан.

 

Негізгі жабдықтың сыни деңгейі бойынша Энерго кәсіпорын үшін өткен жылыту маусымы шиеленісті режимде өтті, жөндеу жұмыстарының барысын пысықтау үшін аумақтық энергия қадағалау апта сайын Шахтинск ЖЭО-на барады.

 

Проблемалық мәселелер туралы өзекті ақпарат Қарағанды облысының әкімдігіндегі кеңестерде, республикалық селекторлық кеңестерде және Үкіметтегі отырыстарда айтылады.

 

Жылыту маусымы басталғанға дейін станцияда № 1, 3 және 4 қазандықтарды, №1 және 2 турбиналарды ағымдағы жөндеу жоспарланған.

 

Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1,375 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта № 1 қазандықта орындалған жұмыс көлемі небәрі 22%, № 3 қазандықта – 11%, № 4 қазандықта – 39%, № 1 турбинада – 60%, № 2 турбинада – 32% құрайды.

 

17 шілдедегі жағдай бойынша №3 қазандықты ағымдағы жөндеуге «Indigo Print» ЖШС 7 адам ғана жұмылдырылды, жұмыстар кестеден артта қалып жүргізілуде. ЖШС мәліметінше, «Indigo Print» диірмендерге қажетті қосалқы бөлшектер тамыз айының соңында ғана жеткізіледі.

 

№1 қазандықты жоспарланған күрделі жөндеудің орнына іс жүзінде биыл тек ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.

 

Жалпы ауданы 1 440 шаршы метрді құрайтын түтін соратын бөлімнің үстіндегі апаттық шатырға келетін болсақ, бүгінде тек конкурстық процедуралар жүргізілуде, олар тамыздың бірінші онкүндігінде аяқталады.

 

Жалпы алғанда, Шахтинск қаласының ЖЭО-да он жылға жуық уақыт бойы қазандықтар мен турбиналарға толыққанды күрделі жөндеу жүргізілген жоқ, сондай-ақ персонал тапшылығы да бар.

 

Сапардың қорытындысы бойынша Шахтинск қаласы әкімдігі мен станция басшылығына бар тәуекелдер бойынша жедел шаралар қабылдау, оның ішінде жұмысшы персоналды жұмылдыра отырып, мердігерлік ұйымдардың жұмысына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

  • 18.07.2023
  • 189
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика