- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Ақтауда «МАЭК» ЖШС 55 жылдығын атап өтті
«МАЭК» ЖШС өңір тұрғындарын энергоресурстармен және ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев комбинат ұжымын мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шарада облыс әкімі кәсіпорын қызметкерлері мен энергетика саласының ардагерлеріне марапаттар табыс етті. Мекеме қызметкерлер ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдары мен «Құрметті энергетик» және «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев кәсіпорынның ардагерлері мен үздік қызметкерлеріне Маңғыстау облысы әкімі мен Маңғыстау облысы мәслихатының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
- Өңірдің қалыптасу және даму тарихында Маңғыстау атом энергия комбинаты ерекше орын алады. Өзінің жарты ғасырдан астам тарихында комбинат дамудың қиын жолынан өтті, бірақ қазірдің өзінде ол көптеген баға жетпес ғылыми және өндірістік тәжірибелерді өткізген, «аймақтың жүрегі» болып қала береді.
Зауыт көптеген жылдар бойы ауданды электр қуатымен және қаланы барлық өмірлік маңызды ресурстармен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар, өңірдің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін қолдаумен қатар, өндірістік әлеуеттің өсуіне, халықтың әл-ауқатының жақсаруына үлкен үлес қосуда.
Биылғы жылы комбинат жабдықтарын жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпорын ұжымының тәжірибелі мамандары осы бағдарламаны тиімді іске асыру үшін барынша күш салатынына сенімдімін. Расында да, комбинатта жоғары білікті және адал қызметкерлер, тамаша мамандар жұмыс істейді. Олардың арқасында комбинаттың құрамына кіретін барлық үш электр станциясы, дистиллят шығаратын зауыт халыққа тұрақты режимде қызмет көрсетуде. Бұдан бөлек, «МАЭК» ЖШС құрамында кәсіпорынның негізгі технологиялық жұмыстарын қамтамасыз ететін 11 өндірістік учаскелер мен қосалқы цехтар үздіксіз жұмыс істейді. Кәсіпорынның жетістігі - осындағы тәжірибесі мол ұжым мүшелерінің үлкен еңбегінің нәтижесі деп есептеймін, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
«MAЭК» құрылысы өткен ғасырдың 60-жылдарында басталып, 1968 жылы 1 шілдеде құрылған. Комбинаттың біздің өңірде салынуы, Маңғыстаудың еліміздің түкпірінде басқа аймақтарынан алыс орналасуына байланысты болған еді. Ал бұл өз кезегінде энергияны басқа аймақтан электр желілері арқылы жеткізуді қиындатты, алайда қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіпті өңір электр энергиясына, сондай-ақ ауыз су мен техникалық суға мұқтаж болды. «МАЭК» ЖШС-де бүгінгі таңда 3500-ден астам адам жұмыс істейді.
- 19.07.2023
- 157