• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: шағын және орта бизнес нысандарының артуы халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданындағы бірқатар өндірістік және кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты және шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Бүгінде Мұнайлы ауданында 10 818 ШОБ кәсіпкерлік жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда 43,1- ға өсіп отыр. Жыл басынан бері оның аясында 2 365 жұмыс орны құрылған, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аудан әкіміне шағын және орта кәсіпкерлікті, отандық өнімді дамыту бағытында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырды және бизнес-жобалар мен инвестиция тартуға көмектесу қажет екенін айтты.

Өңір басшысы іс-сапар аясында тігін цехын, мұнай сервистік компанияны, ойын алаңдарын шығаратын цехты, сондай-ақ пенопласт пен матрацтар шығаратын мекемелерді қоса алғанда, бірнеше кәсіпорында болды.
 
Өңір басшысының сапары «Caspian Safety Group» ЖШС жаңа тігін цехында басталды. Кәсіпорын айына 2 мыңнан астам өндірістік типтегі киім шығарумен айналысады және қазіргі таңда 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңір басшысы цех ғимаратын жалға алып отырғанына байланысты, кәсіпкерге жер алып, өз ғимаратын салу үшін әкімдік тарапынан барлық қолдау болатынын айтты. 
 
Тігін цехынан соң әкім Қызылтөбе ауылындағы «Шлюмберже Лоджелко Инк» мұнай сервистік компаниясының жұмысымен танысты. Өндірістік база аймақтың мұнай өндіруші компанияларына мұнай барлау, бұрғылау, геофизикалық барлау жұмыстарын жүргізу қызметтерін ұсынады. Айта кетейік, қазір кәсіпорында 150-ден астам адам қызмет атқарады. 
 
Сондай-ақ, өңір басшысы Баянды ауылына қарасты балалар алаңына арналған ойын және спорттық кешендер шығаратын «SEM» цехының жұмысымен танысты. Мұнда жылына 200-ден астам балалар алаңы әзірленеді. Кәсіпорын бүгінде Ақтау қаласымен аудандарын қамтып отыр. Соңғы уақытта басқа өңірлерден де сұраныс көбейген. 
 
Сапар одан әрі Атамекен ауылындағы пенопласт жабдықтарын шығаратын «Әділ Фасад» кәсіпорында жалғасты. Мекеме «Нұр Капитал бағдарламасы» аясында 22 млн, «Даму» қоры арқылы 20 млн.тг несие алған. Қазір айына 30 тонна пенопласт блогы, 30 мың шаршы метр термо панель, 50 мың ш/м пенопласт жабдықтарын және 6 мың ш/м жылы бетон өнімін өндіреді. Алдағы уақытта кәсіпорынның өндірістік қуатын ұлғайту жоспарланған. 
 
Облыс әкімі жұмыс сапарын «Жұмаханұлы» матраc өндіретін цехпен тәмамдады. Мұнда айына 1000 матрас шығарады. Кәсіпорын «Нұр Капитал» бағдарламасы аясында 30 млн.тг, «Даму» қоры арқылы 108 млн.тг несие алған. 

Кәсіпкерлік объектілерімен танысып болған соң Нұрлан Ноғаев шағын және орта бизнес экономиканың қозғаушы драйвері екенін және бизнесті одан әрі дамыту керектігін айтты. 

-Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерді тұрақты негізде қолдауды қамтамасыз етеді. Мұнайлы ауданында қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар санының және өнеркәсіп өніміндегі өндіріс көлемінің ұлғайып келеді. Бізге кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі жұмысты күшейту, барынша қолайлы бизнес ортаны құру қажет, бұл сайып келгенде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң мультипликативтік әсер етеді. Сондай - ақ, шағын және орта бизнес нысандарының санының артуы халықтың жұмыспен қамту мәселелерін шешуге оң әсер етеді, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Жұмыс сапарының соңында Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті дамытуға және инвестиция тартуға қолдау көрсету бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

  • 20.07.2023
  • 218
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика