• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық кәсіпкерлер тұңғыш рет халықаралық ірімшік байқауында Қазақстанның намысын қорғамақ


Түпқараған ауданындағы «Жеті лақ» фермасының негізін қалаушы Кобзевтер отбасы-ешкі мен түйе сүтінен ірімшік өнімдерін шығарумен айналысады. Биыл олар Mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауына қатысады. Ерекше атап өтетін жайт, бұл халықаралық конкурсқа Қазақстаннан үміткерлер бұрын соңды қатыспаған. Осы жөнінде және ірімшік өндірісінің мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер өңір басшысы Нұрлан Ноғаевқа Түпқараған ауданына жұмыс сапары кезінде айтып берді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Маңғыстау «Жеті лақ» фермасы Le mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауында Қазақстанның өнімдерін таныстырады. Бұл қазақстандықтардың конкурс ұйымдастырушыларынан аккредитация алған алғашқы жағдай. 

2020 жылдан бастап жұмыс істейтін «Жеті лақ» фермасы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында орналасқан. Кәсіпкерлер пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады. 

Кобзевтер отбасы айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіреді. Ферма 10 га жерді алып жатыр, оның төрт гектары ешкі өсіруге арналса, қалған аймақта жем-шөп қоймасы мен сүт өңдеу цехы орналасқан. 

- Биыл біз өндірісті дамытуға бағытталған қайтарымсыз 5 млн теңге грант ұтып алдық. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламаларының қатысушыларымыз. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын өз ақшаңа дамыту өте қиын, осы тұрғыда мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Биылғы жылы біз үшін маңызды оқиға Mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауына қатысу. Онда біз өз өнімдерімізді таныстырамыз. Айта кету керек, еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан алғаш рет әлемдік ірімшік жасаушылар байқауына өз өнімдерін ұсынатын болады, - деді ірімшік дайындаушы Александра Григолова.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кәсіпорынның жетістігі мен Маңғыстау ірімшік өндірушілерінің әлеуеті зор екенін атап өтті. 

- Маңғыстауда өндірілетін қазақстандық ірімшіктер жақын арада отандық экспортты дамытудың негізгі драйвері бола алады. Сіздер халықаралық деңгейдегі байқауда елімізді таныстыру мүмкіндігіне ие болғаныңыз қуантады. Сіздерге сәттілік тілей отыра, кәсіпкерлердің бастамаларын қолдауға әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Француздық Le Mondial du fromage байқауы қыркүйек айының 10-12 аралығында Тур қаласында өтеді. Еуропада өтетін бұл халықаралық іс-шара сүт өнімдерін шығарушы кәсіпкерлердің өз өнімдерін ұсына алатын жоғары деңгейдегі алаң болып табылады.

  • 24.07.2023
  • 199
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика