• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаудағы ведомствоаралық комиссияның отырысында білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңір мектептеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша отырыс өтті. Кездесуге полиция департаментінің басшылығы, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Кандарбек Бақтыгереевтің айтуынша, өңірдегі кейбір мектептер бейнебақылау стандарттарына сәйкес келмейді. Атап айтқанда, камералар ескі. 

Бұл мәселенің шешімі мектептердегі ескірген бейнебақылау камераларын жаңарту немесе ауыстыру.  

- Білім беру объектілерінің қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері құқық қорғау органдарының өкілдерінің басты назарында. Біз оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін күш бірігіп жұмыс істеуіміз керек, - деп атап өтті Қандарбек Бақтыгереев. 

Облыс әкімі білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атай келе, мектептерді металл іздегіштермен, кіруді бақылау және басқару жүйелерімен, турникеттермен, сондай-ақ дабыл түймелерімен жабдықтау үшін қаржыландыру қажет екенін айтты.

- Біз оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары жедел басқару орталықтарына қосылуы тиіс. Бірнеше ай бұрын Ақтауда бозбаланың үстіне футбол қақпасы құлап, қайғылы оқиға орын алған болатын. Жауапты басқармаларға білім беру ұйымдары мен балалардың бос уақыттарын бақылауды күшейтуді тапсырамын. Жекеменшік балабақшаларға келетін болсақ, мектепке дейінгі білім беру нысандарында, меншік түріне қарамастан, бейнебақылау камералары дұрыс жұмыс істеуі керек. Бұдан басқа, мен оларды жедел басқару орталығына қосу жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау Білім басқармасының мәліметінше, 38 мектепте (Маңғыстауда 22 мектеп, Мұнайлы ауданында 16 мектеп) турникет орнату үшін бюджетте 389 млн теңге қарастырылған. 

Сондай-ақ, екі колледжде және тағы тоғыз мектепте, сондай-ақ 61 балабақшада турникеттер орнатуға 183 млн теңге көлемінде қаржыландыруға өтінім жолданған.

  • 25.07.2023
  • 174
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика