- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде гибридті электр станциясының жобасын іске асыру мәселесі талқыланды
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев «Arm Wind» (ENI) компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар гибридті жобаға қатысты бірқатар мәселелерді және оны іске асырудың одан әрі қадамдарын талқылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуге «Arm Wind» компаниясының басқарушы директоры Алекс Стиллавато, «Arm Wind» компаниясының жобаларды бақылау жөніндегі менеджері Талайбек Үсеналиев, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы үшін жаңартылатын энергетика саласында қажетті әлеуетке ие «Arm Wind»компаниясымен ынтымақтастық маңызды екенін атап өтті.
- Біздің кездесуіміз энергетика саласындағы жобаларды табысты іске асыру үшін бірлескен іс-қимылдардың бастауы болатынына сенемін. Маңғыстау облысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын үлкен экономикалық, инвестициялық әлеуеті бар өңір.
Инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылық тудыратын экономиканың негізгі салалары мұнай-газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, агроөнеркәсіп, туризм, сумен жабдықтау және жаңартылатын энергетика көздері болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің электр энергетикасы саласын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда энергетика Қазақстан экономикасында шешуші рөл атқарады. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-басты міндеттердің бірі. Шындығында, елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты.
Біз өз тарапымыздан екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 8 маусымында Астанада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Eni компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци Жаңаөзендегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде гибридті электр станциясының жобасын бірлесіп іске асыру қағидаттары туралы келісімге қол қойған еді.
Жоба халықаралық индустриялық, әртүрлі технологиялардың инновациялық гибриді Eni тәжірибесін пайдаланады. Маңғыстау облысын энергиямен жабдықтауды әртараптандыруға және декарбонизациялауға бағытталған Eni Plenitude еншілес компаниясы жаңартылатын энергия көздері арқылы заманауи электр станцияларымен теңестіруші қуатқа ие. Сонымен қатар, бұл аймақтағы жоғары білікті мамандарды жұмысқа орналастыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Гибридті электр станциясы 120 МВт қуаттылықпен жаңартылатын энергия көздері (жел+күн) және газ арқылы (энергиямен жабдықтауды тұрақтандыру және газ ресурстарын үнемдеу мақсатында теңестіруші қуат ретінде) жұмыс істейтін болатын.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2023-2025 жылдар (күн генерациялау блогы 2024 жылы, ал жел мен газ қондырғысы 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған), бюджеті мөлшері шамамен 300 миллион долларды құрайтын болады.
- 28.07.2023
- 155