• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЭМ басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

Қазіргі таңда, республикада 6 295 ауылдық елді мекен бар, онда 7,5 млн. ауыл тұрғындары немесе 38% тұрады.

Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктеліп алынды, онда ауыл тұрғындарының 93%
тұрады.

Қазіргі уақытта ауылдардың инфрақұрылымын дамыту «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде басым тәртіппен жүзеге асырылуда.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп,
3,7 мыңнан астам жоба іске асырылды.

Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 334 объектіні, 1200 әлеуметтік нысандар мен
2 мыңнан астам көлік инфрақұрылым объектілерін салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы жалпы 218,2 млрд. теңге 771 ауылдық елді мекенде 1800 жобаны іске асыру үшін бөлінді.

Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 244 жоба, 383 әлеуметтік нысандар, және ауылішілік жолдарды жақсарту бойынша 1 200 жоба іске асырылуда.

Осы ретте, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылған жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 6,7 есеге ұлғайғанын атап өтуге болады.

Егер 2019 жылы 29 млрд. теңге бөлінсе, ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 198 млрд. теңге қарастырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы бөлінген қаржының бірінші жартыжылдығындағы игерілу мәселесіне тоқталатын болсақ:

Кестеде көрсетілгендей әкімдіктер бюджет қаражатының 27% игерген.

Қаражаттың жоғары игерілуі Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында байқалады.

Сонымен қатар, ең төмен игерілу Алматы және Ұлытау облысында.

Жалпы қазіргі таңда, 1 600 жоба бойынша конкурс өткізіліп, 158 жоба аяқталды. Өңірлер бөлінісінде ең көп аяқталған жобалар Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында.

Келесі слайдтарға назар аударсаңыздар, 2023 жылы іске асырылып жатқан және аяқталған нысандар көрсетілген.

Мысалы, Қарағанды облысындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Шығыс Қазақстан облысындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстарының барысы.

Қостанай облысында ауылішілік жолдың жөндеу нәтижесі және Павлодар облысындағы ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмыстары.

Жамбыл және Жетісу облыстарындағы құрылысы аяқталған спорт кешені мен дәрігерлік амбулатория.

Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы құрылысы аяқталған мәдениет үйі мен дәрігерлік амбулатория.

Жоғарыдағыны қорытындылай келе, ағымдағы жылдың аяқталуына жарты жылдан аз уақыт қалғаны белгілі.

Осы орайда бағдарламаны тиімді іске асыруға министрлік әкімдіктермен бірлесіп, келесі бағыттағы жұмыстарды атқаратын болады:

- Жобалардың конкурстарын өткізу процестерін тездету

- Бағдарлама аясында қосымша қаржы талап ететін нысандарға қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру

- Бөлінген қаражатты уақтылы игеруді қамтамасыз ету

- Құрылысы жүріп жатқан жобаларды жыл соңына дейін сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалау

- Жобалардың іске асыру барысына апта сайын мониторинг жүргізу.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының іске асырылуы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етуін бағалау мақсатында Өңірлік стандарттар жүйесі арқылы талдау жасалуда. Қазірдің өзінде бағдарламаның нәтижелерінен оң өзгерістер байқалады.

Мәселен, 2022 жылғы Өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштеріне сәйкес инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдар саны ұлғайып,
786 ауылдық елді мекенді құрағанын көрсетіп отыр. Бұл
2021 жылмен салыстырғанда 525 ауылдық елді мекенге артық. Еліміздегі ауылдық аумақтарда тұратын 7,5 млн. халықтың, 3,2 млн. тұрғыны өңірлік стандарттармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдарда тұратынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, өздері тұратын өңірлерге, туған ауылдарының инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаражат салатын жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындардың белсенділігін атап өткім келеді. Слайдта кейбір мысалдар көрсетілген.

Ірі кәсіпорындар тарапынан ауылдық жерлерде тұрғын үй, әлеуметтік нысандар және демалыс орындары салынған.

Осындай жергілікті ұйымдар мен кәсіпкерлер барлық өңірлерде бар.

Сонымен қатар, ауылдарды дамытуға бөлініп жатқан мемлекеттік бюджет көлемінің ұлғаюы жеке инвестициялар үлесін де артуына әсер етуде.

Егер 2019 жылы жеке инвестициялардың көлемі – 2,5 трлн теңге болса, 2022 жылы – 3,1 трлн теңгені құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды және іске асырылуда.

Тұжырымдамада ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, шекара маңы аумақтарында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қамту, жергілікті маңызы бар жолдарды салу, жөндеу және әлеуметтік объектілерді салу бойынша шаралар қамтылған.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру Ұлттық экономика министрлігінің тұрақты бақылауында.

  • 31.07.2023
  • 205
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика