• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда өңірдің көліктік-транзиттік әлеуеті талқыланды

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Kazakhstan Investment Development Fund өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Кеңеске «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялар департаментінің директоры Марат Бірімжан, Kazakhstan Investment Development Fund басқарма төрағасы Марат Төлебаев, Kazakhstan Investment Development Fund Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Есқабылов және т.б. қатысты.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі инвестициялық жобаларды, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, сумен жабдықтау және су бұру, Fairmont сауда қатарлары мен жылы жағажайдағы  құрылыстар туралы талқылады. 

Нұрлан Ноғаев шетелдік инвестицияларды тарту және тиімді пайдалану Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

- Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстанның дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан біздің елімізде инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Маңғыстауда маңызды жобаларды, соның ішінде Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов кен орындарын игеру бойынша мұнай - газ жобасын және «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда, - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. АХҚО-ның негізгі міндеттері Қазақстан экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қор нарығын қоса алғанда, елдің қаржы саласын дамыту, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасу болып табылады.

Сондай-ақ АХҚО Транскаспий халықаралық көлік бағытын ілгерілетуге белсенді қатысады. 2022 жылы АХҚО Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетін анықтау бойынша зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2022-2035 жылдар аралығындағы экспорттық жүк базасының жалпы өсімі 30 – дан 120 млн тоннаға дейін, ал импорттың жалпы өсімі-3,6 млн тоннадан 19 млн тоннаға дейін болжанған. Осыған байланысты халықаралық көлік дәліздерінің одан әрі экономикалық даму рөлінің артуы Қазақстанның дамуына ықпалдасады деген қорытынды жасалған. 

Зерттеу жұмыстары жаңа өткізу қабілеттілігін кеңейту немесе құру үшін қажетті инфрақұрылымдық жобаларды қарастырған және Орта дәлізде, Оңтүстік және Солтүстік-Оңтүстік дәлізде  жүргізілген. 

Жобалардың тек теміржол және автомобиль көлігі үшін (Қазақстандық және шетелдік көлік дәліздерінің бойында) жалпы бағалау құны 25,3 млрд долларынан асады, бұл Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін қаржыландыру шараларын жетілдірудің өзектілігін көрсетеді. 

Орта дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты-Шығыс Азия мен Еуропаны байланыстыратын сауда жолы.

  • 31.07.2023
  • 173
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика