• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қадірлі ағайын!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойғы арман-тілегінің ақиқатқа айналған, ғасырлар тоғысында бой көтерген тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты мерекесі.

Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, Мәңгілік ел болуға талпынған халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты», - деген болатын.

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі.

Қай кезде де өткен тарихтың өнегесін өз ұрпағы заманға сай жауапкершілікпен, кезеңге сай кемелдікпен, болмысқа сай бағамен, жағдайға сай мүмкіндікпен өлшеген. Сондықтан да өткен дәуірдің жұмбағы мол, бүгінгі уақыттың ұтқаны зор.

Ұлан далада сан ғасырлық қоғамдық құбылыстарды басынан өткізген ел мен халық үшін Ұлы дала сахнасында болған тарихи оқиғалар ізсіз кеткен жоқ.

Сол соқпақты жолды сүріп өткен бабаларымыз талай ғасыр азаттықты аңсап өтсе де, рухы мықты, өр халық намысын ешкімге таптатпады. Мың жарым жылға жуық халық болып бірігуді, ел болып қалануды, еркіндікті аңсаған халықтың арманы 1991 жылы жүзеге асты, тарих бетінде Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қалыптасты.

29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елі түрлі қиындықтардан аман өтіп келеміз.

Тарихта атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналған ұлт қаншама. Ал, бізде – ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, абыройы артқан, төрткүл дүниеге мәртебесін мойындатқан мемлекетіміз бар.

Тарихи тұрғыдан алғанда 29 жыл аз мерзім болғанымен, ғасырға татитын жұмыстар атқарылды. Біз бүгінде әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп, дүбірлі дамудың даңғыл жолына түстік, өз жолымызды айқындадық.

Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын елге айналды.

Тәуелсіз Қазақстан - шекарасы нақтыланған, рәміздері қалыптасқан, тілі мен төл теңгесі бар, әскери күші әлеуеттенген, тәуелсіздігінің белгісіндей әлемді сүйсінткен Астанасы бар іргелі мемлекет.

  • 21.12.2020
  • 353
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика