• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көкшетауда "Қазақстанның үздік тауары" дәстүрлі байқау-көрме өтті

Биыл өңірлік көрме-конкурсқа 90-ға жуық ақмолалық өндірушілер қатысты. Көкшетау қаласының "Тәуелсіздік" алаңында тұтас шатырлы қалашық қойылды, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдері және тағы басқалар ұсынылды.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Қуаныш Рақышев, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары және т.б. қатысты.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде, экономиканың өңірлік секторының маңызды көрсеткіші шағын және орта бизнесті дамыту, бизнес-ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау болып табылатынын атап өтті.

«Бұл іс-шара кәсіпкерлер-отандық тауар өндірушілер үшін жылдың басты оқиғасы, олардың өнімдерін ішкі нарықта белсенді жылжыту үшін қуатты ынталандыру деп есептеуге болады. Әр уақытта өткізілетін өңірлік конкурстарда лауреаттар қатарында "Тыныс", "Көкше-Цемент", "САПА Су", "Бижан ҮАК", "Ижевский"ӨК сияқты танымал компаниялар болды. Кейіннен көптеген кәсіпорындар өңірді республикалық деңгейде лайықты түрде ұсынды, атап айтқанда, "Қазақстанның Үздік Тауары" республикалық көрме-конкурсында "БЛЭК" ЖШС, "CAPITAL PROJECTS LTD", "ЕНКИ", "САПА Су" кәсіпорындары жеңімпаз атанды. Керемет нәтижелерге қол жеткізгені үшін өнім сапасы саласында Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығына "TNK" агрофирмасы, "Гормолзавод" ЖШС, "AZAM-KC", "Интер Трейд" марапатталды. Бұл кәсіпорындардың барлығы – біздің облысымыздың мақтанышы», - деді облыс басшысы.

Байқауда алғаш рет қатысқан көптеген компаниялар бар. Атап айтқанда, "SG BRICK" кірпіш зауыты - Орталық Азия елдерінің арасында жылына 120 млн. данаға дейін дайын өнім шығаратын жалғыз зауыт. Өндіріс үшін табиғи газ салқындатқыш ретінде пайдаланылады, жылдық қажеттілік 18 миллион текше метрді құрайды. Кәсіпорынның бастамашысы және құрылтайшысы – "GPark" ЖШС құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов.

Қосшы қаласының тұрғыны Анара Ыбыраева да алғаш рет көрме-конкурсқа қатысты. 2015 жылдан бастап қыз экологиялық таза, диеталық өнімдерді, пп-тәттілерді, кремдерсіз, бояғыштарсыз өндірумен айналысады. Кәсіпкер ауыл шаруашылығы магистрі ретінде Германияда арнайы тағылымдамадан өтті.

"Қазақстанның үздік тауары" конкурсын өткізу тарихында тұңғыш рет "Бір ауыл – бір өнім" көрмесі ұйымдастырылды, онда Ақмола өндірушілерінің бірегей және ерекше өнімдері ұсынылды.

"Бір ауыл - бір өнім" кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылдан бастап елде іске асырылып келе жатқан "Мен – кәсіпкер" құралының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оның ерекшелігі – өңірдегі бірегей өнімді іздеуге, жергілікті тауарлар мен өнімдер өндірісін дамытуға, негізінен ауылдық жерлерде, сондай-ақ тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілерді біріктіруге бағытталған.

Айта кетейік, көрмеге келушілер азық-түлік және басқа да өнімдерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алады. Сонымен қатар, өңірдің танымал компаниялары мен кәсіпорындарынан лотерея ұтыс ойыны өтті. Лотереяның жүлде қорына өз үлесін қосқан Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесі де шетте қалмады.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша барлық үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" номинациясында "SG BRICK" ЖШС (Аршалы ауданы), "Азия сүзгі" ЖШС (Бурабай ауданы), "Макинск Жылу оқшаулау зауыты" ЖШС (Бұланды ауданы) көшбасшы болды.

"Халық үшін үздік тауарлар" номинациясында - "Забарный" ЖК (Атбасар ауданы), "Әлихан" ЖК (Қосшы қаласы), "Арман" трикотаж кәсіпорны" ЖШС, Көкшетау қаласы).

"Азық-түлік мақсатындағы үздік тауарлар" номинациясында "Гормолзавод" ЖШС (Көкшетау қ.), "Андрющенко" ЖК (Ақкөл ауданы), "БАХА SÖHNE" ЖШС (Атбасар ауданы) үздік деп танылды. Өңірлік байқаудың жеңімпаздары осы жылдың соңында елордада өтетін "Қазақстанның Үздік Тауары" республикалық байқауына қатысатын болады.

  • 01.08.2023
  • 188
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика