• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында жыл сайын қосымша білім берумен қамтылған балалар саны артып келеді

Қосымша білім беру-бұл адамның зияткерлік, рухани-адамгершілік, физикалық және кәсіби жетілдіруге деген білім беру қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған білім беру түрі.

Облыста 22 мыңнан астам баланы қамтитын 51 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Балалар көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, жаратылыстану-ғылыми, техникалық, гуманитарлық және спорттық бағыттағы үйірмелермен айналысады.

108 147 бала қамтитын қалалық/ауылдық жерлердегі балаларды қосымша біліммен барынша қамту үшін жалпы білім беретін мектептерде 2600-ден астам үйірмелер мен 2000-нан астам спорт секциялары жұмыс істейді.

Мысалы, Зеренді ауданының балалар шығармашылық орталығының Ақадыр ауылы мектебінде филиалы бар. Онда «Мұрагер» үйірмесі 11 жыл бойы жұмыс жүргізіп жатыр. 

«Мұрагер» қолөнер үйірмесінің жетекшісі Мәлік Армангүл оқушыларға ұлттық қолөнердің қыр сырын үйретумен қатар, атадан балаға мұра болып қалған өнер түрін насихаттап өскелең жас ұрпаққа үйретеді. Үйірменің оқушыларымен үздіксіз жұмыс жасаудың нәтижесінде көптеген жетістіктерге де жетуде.  Көбінде қазақтың ұлттық өнері киіз басу, ши тоқу, сырмақ тігу өнерлерімен айналысуда. Оқушылар қой жүнінен түрлі ойыншықтар, суреттер, әр түрлі сувенирлер жасай алады, сонымен қатар киіз басу өнері арқылы жүннен белдемше, көйлек, қолғап, бешпет, тымақ,  сәукеле де жасай алады. Соның нәтижесінде үйірменің оқушылары аудандық, облыстық, Республикалық және халықаралық жетістіктерге ие болды» - дейді облыстық білім басқармасындағы бөлім басшысы А.Галимова.

Ақмола облысындағы ең ірі қосымша білім беру ұйымы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Болашақ сарайы» болып саналады. 2022-2023 оқу жылында сарайда 3 мыңнан астам баланы қамтитын 129 үйірме жұмыс істеді. Жазғы кезеңде іt-, ғылыми және спорттық бағыттарда 15 үйірме жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап балалардың қосымша білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен қосымша білім алу мүмкіндігі бар.

Егер өткен жылы 30 ұйым, оның ішінде 3281 орындық 6 мемлекеттік ұйым қатысса, биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс 8 ауданның 45 ұйымында орналастырылды, оның ішінде 42 жеке және 3 мемлекеттік 7697 орындық.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Білімді ұлт» Сапалы білім беру» ұлттық жобасының – «балаларды қосымша біліммен қамту» көрсеткішін орындау  76,3% құрады.

Балаларды қосымша білім алуға тарту және олардағы балалар санын көбейту бойынша маңызды рөл материалдық-техникалық жарақтандыру болып табылады.

«Биыл облыстық бюджеттен спорттық құрал-саймандарды сатып алуға қосымша 300 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Сондай-ақ, биыл алғаш рет АӘД кабинеттерін жабдықтауға ақшалай қаражат бөлінді» - деп ведомствода бөлісті.

  • 01.08.2023
  • 214
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика