• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 475 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Ақмола облысында 667 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді. Оның ішінде 475 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым объект анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 объект сай келуі қажет. Ал биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 9 128 объект бейімделді.

Ақмола облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 объектіні бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 объектінің 667-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған объектілердің ішінен 475 объектінің толық бейімделгені расталды.

Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

- мемлекеттік мекемелер – 104 (77 әкімдік, 13 жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, 6 басқарма, 1 департамент, 2 аудандық сот, 5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы.);

- денсаулық сақтау объектілері – 66 (13 аурухана, 7 емхана, 1 медициналық пункт, 31 дәрігерлік амбулатория, 5 дәрігерлік амбулатория, 9 медициналық пункт);

- білім беру объектілері – 171 (135 мектеп, 13 балабақша, 14 колледж, 2 түзету кабинеті, 2 музыка мектебі, 4 университет ғимараты, 1 оқу-өндірістік комбинаты);

- мәдениет объектілері – 52 (27 мәдениет үйі, 3 мұражай, 2 мұрағат, 4 кітапхана, 1 театр, 1 демалыс орталығы, 12 ауылдық клуб, 2 шығармашылық үйі);

- спорт нысандары – 9 (1 спорт сарайы, 8 спорт мектептері мен кешендері);

- қызмет көрсету саласының басқа объектілері – 73 (10 банк филиалы, 11 халыққа қызмет көрсету орталығы, 5 пошта бөлімшесі, 21 сауда үйі, дүкендер, 9 дәріхана, 1 стоматология, 5 вокзал және т.б.).

192 объект ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 276 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 36; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 111; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 42, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 87.

Жергілікті атқарушы органдарға бейімдеу іс-шараларын аяқтау мақсатында анықталған ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 109 объектіні бейімдеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау аясында Департаментпен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 32 тексеру жүргізілді, оның ішінде 25 профилактикалық бақылау, өтініш негізінде және тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс 7 тексеру жүргізілді.

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 25 ұйғарым берілді, 2,4 млн теңгеден астам сомаға 2 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

  • 01.08.2023
  • 200
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика