- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Балқаш қаласының тұрғындарымен өткізген кездесудің қысқаша қорытындысы
Әрине, біз үшін ең алдымен қаланың көкейкесті мәселелерін тыңдап, талқылап, шешімін табу маңызды болды. Кездесудің қорытындысы жайлы қысқаша.
Қазір тұрғындар сумен қамтамасыз етуді, жолдарды абаттандыру сапасына басымдық беріп отыр. Сумен қамту мәселесі бұрыннан бар, желілердің тозуы 85 пайызды құрап отыр, әрине, бір жылда барлығын жөндеу мүмкін емес. Бірақ су желілерін қайта жаңғыртудың үш жылдық бағдарламасы бар. Былтыр 9 шақырым құбыр тартылса, биыл 30 шақырымға жетіп отыр. Жобаның нәтижесінде 124 шақырым су құбырын ауыстырамыз. Бұл Балқашты сумен қамту сапасын арттыруға айтарлықтай әсер етуі тиіс.
Инженерлік желілерді ауыстырғаннан кейін жолдарды асфальттап, жаяу жүргіншілер жолын жабдықтаймыз, бордюрлер орнатамыз. Биыл 12 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Келесіде біз шамамен сегізін қарастырамыз.
Бізге қалада тұрғындар үшін жайлы және заманауи кеңістіктер құру маңызды, сондықтан биыл 18 ауланы абаттандырып, ретке келтіреміз. Мұнда заманауи балалар ойын алаңдары, футбол алаңдары, тренажерлер мен міндетті жарықтандыру болады.
Сондай-ақ, көп жылдан бері алғаш рет шатырлар мен қасбеттерді жөндеуге кірісеміз. 30 көпқабатты үй сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартады. Мәселен, Қоңырат шағын ауданында 10 үйдің шатырын жаңартамыз.
Инфрақұрылымды жақсарту бойынша әлі де көп жұмыс күтіп тұрғанын мойындаймын. Ең бастысы - бізде нақты мақсат, мүмкіндіктер мен тұрғындардың Балқашты әдемі, өмір сүруге ыңғайлы және туризм үшін тартымды ету ниеті бар.
Қала өміріне белсене қатысқаны үшін барша қала тұрғындарына алғысымды білдіремін.
- 03.08.2023
- 204