• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жаңаөзен ет комбинатының өнімі «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысады

Жаңаөзенге жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев өңірдегі бірегей ет өңдеу кәсіпорыны «Халал» сертификаты бар Korkem Alem ет комбинатына барды. Комбинат облыс тұрғындарын сапалы өнімдермен қамтамасыз ете отырып, айына 360 тонна ет пен 100 тонна ет өнімдерін өндіруге қабілетті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 


Комбинат ет өнімдерінің барлық түрін және жартылай фабрикаттардың 50-ден астам түрін өндіреді. Олар қарынбүрме, үлпершек, шұжық, бұқа, қазы сияқты ұлттық тағамдар. 

Korkem Alem компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсында жеңіске жетіп, Астанадағы республикалық конкурсқа қатысу құқығына ие болған еді. Қазіргі таңда компанияда 140 жұмыс орны бар, алдағы уақытта Жаңаөзенде екінші дүкен ашуды жоспарлап отыр. 

Өндірістен басқа, Korkem Alem асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау жөніндегі арнайы тізілімде тіркелген.

Енді өңірдегі шаруа қожалықтары ірі қара мен ұсақ малды Korkem Alem ет комбинатына беріп, мал басы мен салмағына байланысты мемлекеттен субсидия ала алады. Субсидия мал бордақылау алаңдарына өткізілген ірі және ұсақ малдың асыл тұқымды түрінің құнын арзандату бағыты бойынша беріледі. 

- Әрбір жаңа ашылған кәсіпорын көптеген адамдарды жұмыспен қамтып қана қоймай, оларға кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорындардың дамуы жалпы экономиканың өсуіне ықпал етеді. Өңірімізде неғұрлым кәсіпорын көп болған сайын, тартылатын инвестициялар артады. Өндіріс пен тұтыну көлемі ұлғаяды. Бұл басқа салалардың өсуіне қолайлы жағдай жасайды, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырады, аймақтық және ұлттық деңгейде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Алайда, кәсіпорындарды дамыту-бұл мемлекеттің, инвесторлардың және жалпы қоғамның қолдауын қажет ететін күрделі процесс. 2023 жылы Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында республикалық бюджеттен 13 миллиард теңге, ал жергілікті бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінді. Қаражат пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға, кредиттерге кепілдік беруге және жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар беруге бағытталған, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  • 03.08.2023
  • 191
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика