- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Сенатта экономикалық өсуді қалпына келтірудің жолдары баяндалды
Қайырлы күн, құрметті блог қонақтары!
Ұлттық экономика министрлігі Сенаттың жалпы отырысында экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселесі жөніндегі заң жобасына түзетулерді таныстырды.
Заң жобасы Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:
іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия шеңберінде берілген тапсырмаларын, сондай-ақ Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарда көзделген шараларды іске асыруға бағытталған».
Ұсынылып отырған түзетулер 85 заңнамалық актіге, оның ішінде
14 кодекс пен 71 заңға 9 бағыт бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Бұл инвестиция тарту, кәсіпкерлікті және нақты секторды, орнықты қаржы нарығын, цифрландыруды, жобалық басқаруды, ақша-кредит, әлеуметтік және сауда саясатын дамыту.
Жалпы, Заң жобасын қабылдау экономика салаларын, оның ішінде пандемияға байланысты шектеу шараларының салдарынан зардап шеккен салаларды дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсудің негізін қамтамасыз етеді.
- 21.12.2020
- 324