- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Бурабай ауданының әкімі тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Арай Садықов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды.
Жаңа аудан басшысын облыс әкімі Ермек Маржықпаев таныстырды.
Садықов Арай Серікбайұлы 1980 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын және Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласының жеке құрылымдарында бастаған.
2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы болды.
- 07.08.2023
- 110