- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 жылдың шілде айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу
Шілденің үшінші онкүндігінде Қазақстанның барлық аймағы бойынша орын алған метеорологиялық жағдайлар дәннің қалыптасып пісуіне қанағаттанарлық болса, еліміздің оңтүстігі мен батысында дәнді дақылдарды жинау үшін қолайлы болған. Елдің солтүстік жартысында температураның жоғарылауы гүлдену кезіндегі жағдайды нашарлатып, ол масақтың бос болуына әкеліп, егін шығынын тудырады.
Ақмола облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидай егістігінде «масақтану» - «дәннің сүттенуі» фазасы, Астрахан ауданының Жалтыр станцияларының маңайында «балауыздана пісуі» байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық, Жалтыр станциясының маңайында нашар. Өсімдіктердің биіктігі 40-69 см жетеді.
Қостанай облысында жаздық бидайдың жағдайы жақсы және өте жақсы, Федоров ауданы Кең - Арал агропостының маңайында қанағаттанарлық, Әулиекөл станциясының маңайында нашар. Даму фазасы: «гүлдену» - «дәннің сүттенуі», Федоровка және Ұзынкөл станцияларының маңайларында - «балауыздана пісу», кеш себілген егістіктерде «түтікке шығу» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы». Өсімдіктердің биіктігі 41-85 см жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайдың жағдайы көбінесе жақсы және өте жақсы. Даму фазасы «сүттене» - «балауыздана пісуі», Саумалкөл станцияларының маңайындағы егістіктерде - «масақтану». Өсімдіктердің биіктігі 41-75 см жетеді.
https://www.kazhydromet.kz/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy
- 07.08.2023
- 112