• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда «құдықшылар» архитектуралық мүсіні орнатылды

4 тамызда Ақтау жағалауында бой көтерген «құдықшылар» архитектуралық мүсінінің ашылу салтанаты болды. Мүсінді орнату Freedom компаниялар тобының бастамасымен жүргізілді. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Құдықшылардың еңбегі - Маңғыстау тарихында жарқын әріптермен жазылған тұлғалар, себебі облыс өзен-көлсіз, шөлейтті өңір. Ерте замандарда мұндағы ауыз судың бірден-бір көзі құдықтар болған. Өңірде құдық қазу қабілеті мен білімі атадан-балаға беріліп, ұрпақтар сабақтастығы үзілмей жалғасып келген. Бабаларымыз судың қадірін терең түсінген, өйткені оны алудың қандай қиын және ауыр еңбек екенін білген. 

Туынды идеясының авторы, әрі жасаушы Маңғыстау облысының елімізге танымал атақты мүсіншісі Болатбек Салаев. Ол еліміздегі көптеген ескерткіштер мен мүсіндер орнатуға қатысқан. Оның жұмысы көрермендер тарапынан әрдайым үлкен қызығушылық пен жақсы пікірге ие. «Құдықшылар» мүсінін дайындау процесі екі айға созылған. Өнер туындысының жалпы биіктігі-4,5 метр.

- Бүгін біз Маңғыстаудағы құдық қазушылардың құрметіне арналған «құдықшылар» мүсінінің ашылу сәтінің куәсі болып отырмыз. Маңғыстау жері ежелден өзінің құрғақ және қатал ауа-райымен ерекшеленеді. Біздің ата – бабаларымыздың осы аймаққа бейімделуінде және одан кейінгі көшпелі өмірінде құдықшылардың рөлі ерекше. Себебі технология дамымаған заманда, тасты жерді ойып, тұшы су көздерін табу және құдық қазу таңданыс сезімін тудырады. Бүгінде біздің облыста құдық қазушылардың тікелей ұрпақтары тұрады, олар Ақтау қаласында ата-бабасының құрметіне мүсін орнатылғанына риза. Облыс тұрғындары үшін бұл мүсін ұрпақтар арасындағы байланысты және жалпы өңір үшін судың құндылығын бейнелейтін туынды, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Маңғыстау облысындағы тұшы су мәселесі ғасырлар бойы қалыптасқан аймақтың климаттық және табиғи ерекшеліктеріне байланысты. Бүгінгі күнге дейін ауыз су тапшылығы, өңірдің әлеуметтік өмірі мен экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұл ерекшелік облыстың салт-дәстүрі мен мәдениетінде де көрініс тапқан. Мәселен, құдықшының бейнесі қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің сюжеттік желісіндегі бас кейіпкердің негізі.  

- Өнер-қоғам үшін өзекті әрі маңызды тақырыптарды, тілсіз жеткізу тәсілі. Біз «құдықшылар» архитектуралық мүсінін аймақтағы ең көне және ардақты мамандықтардың бірі – құдық қазушыларға құрмет ретінде орнаттық. Бұл мүсіннің тағы бір маңызды тұсы-бұл үш фигурада көрсетілген уақыт аралығындағы ұрпақтар сабақтастығы. Аталған ескерткіштің мәні жаңа өмір және Маңғыстаудағы ауыз су тапшылығымен жалғасып жатқан күрестің символы іспеттес. Біз Ақтау қаласының маңында жаңа сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін іске қосу арқылы ауыз су тапшылығы сияқты мәселені шешу жолында өз үлесімізді қостық. Осылайша, мүсіннің ашылуы біздің компанияның өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмек көрсету жөніндегі бірқатар бастамаларын жалғастыруда, - деп атап өтті «Freedom Holding Corp» компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Тұрлов. 

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында «Freedom» компаниялар тобының толық қаржылық қолдауымен салынған Ақтау қаласындағы тұшыту зауытынан ЦУВС-4 (орталық сумен жабдықтау торабы) дейінгі жаңа сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілері ресми түрде іске қосылды. Құны 2,12 млрд теңге болатын жобаны іске асыру Ақтау қаласы мен жақын маңдағы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов үшін тұшы сумен үздіксіз қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

  • 08.08.2023
  • 185
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика